Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді зейнеткерлер емханаға өтініш жазып-ақ тіркеле алады

Енді зейнеткерлер емханаға өтініш жазып-ақ тіркеле алады

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін алу кезінде туындаған мәселелерді шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің өкімі бойынша Азаматтардың кейбір санаттарына емханаға тіркелу қағаз жүзінде рұқсат етілген.

«ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің тапсырмасына сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар 2019 жылдың 1 қазанынан бастап НҚА-ға өзгерістер енгізілгенге дейін келесі тұлғалар үшін емханаға бекітуді қағаз түрінде жүзеге асыру қажет: зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала жасынан мүгедек жанға тағайындалған қамқоршылар (бұл санаттағы жеке тұлғалар кәмелетке толған болуы мүмкін), сондай-ақ, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және ҚР заңнамасына сәйкес қамқорлық көрсету, білім беру, тәрбие беру, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен (заңды өкілдер) айналысатын өзге де тұлғалар, жазасын колонияларда өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, тіркеуді сенімхатпен ресімдеген сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері», - делінген ведомство хабарламасында.
Анықтама: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер екі пакет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын болады.

16 қазан 2019 ж. 1 313 0

Үш облыста жол жабылды

12 қаңтар 2026 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031