Мамандар смартфон бағасының шектен тыс қымбаттайтынын айтты
Аккумулятор жасау үшін пайдаланылатын күміс түсті ақ металл кобальт бағасы шарықтап тұр. Былтырғы жылы 1 тонна металл құны 33,2 доллардан 75 мың долларға дейін қымбаттады.
Бір смартфонды жасау үшін 5 грамман 10 грамға дейін кобальт металы қажет. Ал, ноутбук үшін 30 грамм. Көлік батареясы үшін 20 келіге дейін метал қажет болады.
Демократиялық Конго республикасында 3,4млн тонна кобальт бар. Австралияда 1 млн-ға жуық. Кубада 500 мың. Ресейде 250 мың тонна.
Мамандар көліктерді электрокарға айырбастайтын болса, әлемдегі кобальт металының көлемін айтарлықтай үнемдеуге болатынын айтады.
Конго елінде экономика мен саясаттың дұрыс жүргізілмеуі де бұған кері әсер етуде. Елде кобальт өндіруде қауіпсіздік ережесі сақталмайды.
Бұл іске балалар жегіледі. Мамандар метал тапшылығы мәселесін шешу үшін, аккумуляторларды өзге металдан жасау керек деген шешім айтты.