Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалта ұрлығы өршіп тұрған қалалардың антирейтингі

Қалта ұрлығы өршіп тұрған қалалардың антирейтингі

Белгілі туристік орындардағы өршіп тұрған қалта ұрлығы нағыз "апат" болып тұр. Quotezone зертету компаниясы сараптама жүргізіп, туристерде бар мүліктің бәрін қолды ететін қалта ұрылары көп қалаларды атады. Сонымен қоса, ең қауіпті жерлер де айтылды және турситерге ұрлықтың алдын алу мен затыңызды ұрлап кетсе не істеу керегі жайлы кеңестер берілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Еуропадағы ең қауіпті туристік бағыт ол Италиняың тарихи орындары болып шықты. Жалпылай рейтинг мынадай:
Италия, әсіресе Рим және Милан сияқты туристік қалалар. "Римнің әйгілі тарихи орындары, Колизей, Треви субұрқағы және Пантеон ғибадатханасының маңында қалта ұрлығының қаупі өте жоғары. Миланның орталығындағы Дуомо соборы және Флоренциядағы Уффици галереясы туристер үшін қауіпті аймаққа кіреді.
Франция, әсіресе Париж. 2015 жылы Эйфел мұнарасында қалта ұрлығы өршіп кеткендіктен қызметкерлер шеруге шыққан болатын.
Нидерланды, әсіресе Амстердамда өзгеше "демалуды" қалайтындарды тонайды.
Германия.
Грекия.
Сонымен бірге, әйгілі туристік қала Ыстамбұл да алғашқы ондықта - сегізінші орын.
Ал сарапшылардың туристерге кеңесі стандартты десе болады, алайда ол нәтижелі. Quotezone бас директоры Грег Уилсон шетелдік туристерге құнды зататрын қонақүйдегі сейфтерге тастап кетіп, өздерімен бірге ірі көлемде ақша алмауға кеңес береді. Сөмкеңіздің мықтып жабуылуы да сізді ұрылардан сақтай алады.
"Ал егер қалтаңызға ұры түсіп заттарыңызды қолды етсе, бірден полицияға арыздану қажет, осылай сіз оқиға туралы хабарлап, сақтандыруға өтінішті бере аласыз. Сонымен бірге, құнды құжаттарыңыздың сандық резервтерін жасап қойған абзал. "Телефонымды табу" қызметі сіздің ұрланған дүниелеріңізді қайтаруға септесуі мүмкін", - дейді сарапшы.
14 қыркүйек 2023 ж. 544 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031