Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім бар

Қызылорда облысында негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім бар

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық мәжілісінде 2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы, халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын жүзеге асыру барысы талқыланды.
Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйлеп, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында бірқатар негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім қалыптасқанын атап өтті.
Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 пайызға (36,2 млрд теңге), инвестициялар тарту 23,1 пайызға (162,0 млрд теңге), құрылыс жұмыстары көлемі 54,9 пайызға (53,7 млрд теңге), көлік және қоймалау көлемі 5,9 пайызға (139,5 млрд теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2,1 пайызға (318,7 мың шаршы метр) және сауда көлемі 3,2 пайызға (325,3 млрд теңге) артқан.
Облыс әкімі есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4,4 пайызға, оның ішінде химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 31,5 пайызға, тамақ өнеркәсібінде 11,1 пайызға, металлургия өнеркәсібінде 7,4 пайызға және жеңіл өнеркәсіпте 5,3 пайызға төмендегенін айтты. Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттыру үшін өңірде Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 6,4 млрд теңге болатын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
2023 жылдың 1 шілдесіне облыс бюджетінің шығындар жоспары 99,8 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 99,0 пайызға игерілген.
Облыс бойынша инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің тозу деңгейі 33 пайыздан 68 пайызға дейінгі көрсеткішті құрайды. 2023 жылға табиғи монополиялар субъектілерінің желілерді жаңғыртуға арналған инвестициясының көлемі 10,2 млрд теңге. Оның ішінде: бюджет қаржысы – 8,9 млрд теңге, несие қаржысы – 878 млн теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты – 448 млн теңге. Бұл қаржыға атқарылатын жұмыстар нәтижесінде инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің тозу деңгейі 3 пайызға дейін төмендемек.
Мемлекет басшысы мен Үкіметтің алға қойған міндеттерін орындау аясында облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» іске асырылуда. Бүгінде 24 мың 364 азамат жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық меженің 55,5 пайызын құрады.
«Жастардың кәсіпкерлік бастамасын» қолдау шеңберінде комиссия 252 адамға 1 млрд 153 млн теңгенің несие портфелін мақұлдады. Берілген несиелердің 61 пайызы (154) мал шаруашылығына, 36 пайызы (91) қызмет көрсету саласына, 3 пайызы (7) өндіріс ашуға бағытталды.
Облыс әкімі жастардың кәсіпкерлік бастамаларына берілетін жеңілдетілген несие кеңінен қолдау тауып, сұраныс көлемі артқанын айтты. Қазірдің өзінде 257 орынға 313 адам сұраныс білдірген. Қаржының толық игерілуіне байланысты құжат қабылдау уақытша тоқтатылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тағы да 200 адамға 1 млрд теңгеге қосымша бюджеттік өтінім жолданды.
ҚР Үкіметі отырысынан кейін Премьер-министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте аймақ басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация құрамында Қытай Халық Республикасына барған іссапарының қорытындылары туралы айтты.
Іссапар аясында облыс басшысы бірнеше мұнай-газ, химия және әртүрлі өнеркәсіптік жабдықтарды шығаратын қытайлық компания басшыларымен кездесті. Нәтижесінде, тамыз айының 10-нан кейін «Джепетто» және «Қытай Ұлттық машина жасау корпорациясы» компаниясының және басқа да қытай компанияларының өкілдері Қызылорда облысына іссапармен келетін болды.
Аймақ басшысы қытайлық инвесторлармен тиімді байланыс орнатып, инвестиция тарту арқылы жаңа өндіріс ашу үшін инвестицияны қажет ететін барлық саладағы жобаларды ұсынып, таныстыруды тапсырды. Жұмыс сапары нәтижелі болуы үшін қол қойылған меморандумдар мен келісімдер бұлжытпай орындалуы керек. Осыған орай қала, аудан әкімдері мен барлық басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Облыс әкімі 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі макрокөрсеткіштер Қызылорда қаласында, Шиелі және Жаңақорған аудандарында төмендегенін атап өтіп, жағдайды тұрақтандыру үшін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы сұрады. Аталған аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне жағдайды зерделеп, оны жақсартудың жедел жолдарын қарастыру жүктелді.
Облыс бюджетінің игерілуі бойынша ең төменгі көрсеткіштер Қармақшы ауданы және Қызылорда қаласында қалыптасқан. Аймақ басшысы Қызылорда қаласы мен барлық аудандар әкімдеріне, бағдарлама әкімшілеріне ай сайын жоспарланған қаражатты 100 пайыз толығымен игеруді, ол үшін тауар жеткізушілер және мердігерлермен тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Тұрғындарды тұрақты және сапалы электр энергиясымен, ауыз сумен, жылумен қамту – басты міндеттің бірі. Сондықтан жауапты басшылар инженерлік желілерді жөндеуге және қайта жаңғыртуға бөлінген қаржылардың уақытылы игерілуін, нысандардың алдағы жылу беру маусымына дайын болуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменті коммуналдық кәсіпорындардың тарифті өзгертуге ұсынған өтінімдерінің негізділігін тексеріп, мерзімінде нақты шешім қабылдауы керек.
Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасын іске асырудың бірқатар көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыру, қаржыны мақсатты игеру қажет. Облыс әкімі облыстық басқармалар, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне жоспарланған 43 898 жұмыс орнының ашылуын 1 қыркүйекке дейін кемінде 75 пайызға жеткізуді тапсырды. Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жеңілдетілген несие беру үшін қосымша 200 адамға 1 млрд теңгеге жобалар пулын әзірлеп, «Аграрлық несие корпорациясының» филиалына ұсыну керек.
12 шілде 2023 ж. 459 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930