Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосылған құн салығы есебіне тіркеу

Қосылған құн салығы есебіне тіркеу

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 82-бабы 4-тармағына сәйкес қосылған құн салығы (ҚҚС) тіркеу есебіне ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 20000 еселенген мөлшерін құрайды.

2022 жылы АЕК 3063 теңге, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдың ең төменгі айналым сомасы 61260000 теңге, 2023 жылы АЕК 3450 теңге, 69000000 теңге. Бұған дейін, 2021 жылы ең төменгі айналым АЕК 30000 еселенген мөлшерін құраған немесе айналым сомасы 87510000 теңге болған. Ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің АЕК 124184 (2022 жылы - 380375592 теңге, 2023 жылы - 428434800 теңге) еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (трехкомпонентная интегрированная система - ТИС) міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.

ҚР Салық кодексінің 82-бабы 1-тармағына сәйкес, егер ҚҚС бойынша тiркеу есебiне қою айналымы ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, ҚҚС тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей, өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беріледі.

Өтінім кеш берілсе, ҚҚС уақтылы тіркеу есебіне тұрмағаны үшін, бұзушылық туындайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 269-бабы 3-тармағына сәйкес 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2023 жылы – 172500 теңге, осы кодекстің 897-1 бабына сәйкес, егер хабарлау табыс еткен күннен бастап айыппұл сомасын он тәулік ішінде төленсе, онда айыппұл сомасының елу пайызы 86250 теңге мөлшерінде болады.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 275-бабы 5-бөлігіне сәйкес, жауапкершілік ҚҚС бойынша шекті мәннен асқан сәттен бастап, ҚҚС тіркеуге дейінгі кезеңдегі салық салынатын айналым сомасынан 15% мөлшерінде айыппұл қарастырылған (бұл бапқа, осы кодекстің 897- бабы 1-1 тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту қолданылмайды).

Е.ҚАНАТОВ,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы 
15 маусым 2023 ж. 434 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930