Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түрік лирасы күннен күнге құлдырап барады

Түрік лирасы күннен күнге құлдырап барады

Бүгін түрік лирасы ең төменгі деңгейге түсті.
Түрік лирасы 7 пайызға арзандаған. Түркиядағы президент сайлауынан бері түрік лирасы құлдырауда.
Ал халықаралық қаржы сарапшылары түрік лирасының әлі де төмендейтінін жарыса жазуда. Мәселен, tr.investing.com сайтында шыққан материалда халықаралық саудаға арналған қаржылық шешімдер, FX тәуекелдерді басқару қызметтері фирмасы Ebury UK-ның нарық стратегиясының басшысы Мэттью Райан: "Түрік лирасы АҚШ долларына шаққанда тағы да рекордтық төменгі деңгейге түсті. Тіпті агрессивті мөлшерлеменің көтерілуіне қарамастан, лирада уақытша қалпына келтіруден басқа ештеңе күтпеймін", - деді.
Ebury тәуекелдер жөніндегі бас директоры Энрике Диас Альварес: "Біз барлық жерде жағымсыз белгілерді көріп отырмыз. Ердоғанның ұтымды ақша-несие және фискалдық саясатқа қарай жылжи бастағанына қатыстты аздаған үміт оты оянды, бірақ оның шынымен де өзгеріс жасағанына көз жеткізу үшін бұдан да көбіні көруім керек" деген пікірде.
Жақында Түркияның жаңа қаржы министрі тағайындалды. Мехмет Шимшек алғашқы мәлімдемесінде түрік экономикасының рационалды негізге оралу керектігін баса айтты.
Ebury нарығының сарапшысы Роман Зирук: "Нарықтағы CDS сияқты кейбір көрсеткіштерге қарасақ, инвесторлар министрлер кабинетінің бұл жаңа тағайындауларына біраз сенім білдірген сияқты. Дегенмен, лира әлі де орта және ұзақ мерзімді перспективада құнсыздану мүмкіндігіне ие" екенін айтты.
09 маусым 2023 ж. 290 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 48

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 96

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 103

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 73

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 104

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031