Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойыз билеті бір жылда 20%-ға қымбаттады

Пойыз билеті бір жылда 20%-ға қымбаттады

2022 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жолаушылар теміржол көлігі қызметінің бағасы бір жылда 19,6%-ға өскен. Қала маңындағы пойыздардың тарифі бір жыл бұрынғыдан 16,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.
Аналитикалық порталдың мәліметінше, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында жол жүру құны – 20,6%-ға, купе вагонында – 17,8%-ға қымбаттады.
Баға ең көп өскен өңірлер арасында Шымкент қаласы (жылына 56,3%-ға), сондай-ақ Жетісу (45%-ға) және Алматы (32,3%-ға) облыстары тізімді бастап тұр.
Ақтөбе (плюс 4,9%), Батыс Қазақстан (плюс 6,6%), Ұлытау және Павлодар (әрқайсысында плюс 8%) облыстарында баға өсімі айтарлықтай төмен.
Осы жылдың тоғыз айында теміржол көлігімен 14,7 миллион жолаушы тасымалданған. Өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар саны 32,6 пайызға артқан. Қыркүйек айында жолаушылар тасымалы 1,6 млн жолаушыны құрап, бір жыл ішінде 32,7%-ға артты.
Астана тұрғындары пойызбен жиі жүреді – 3,5 мың адам, одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелді.
Осы жылдың алғашқы үш тоқсанында теміржол көлігімен 306 миллион тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,4 пайызға аз. Қыркүйекте жүк тасымалы бір жыл ішінде 2%-ға азайып, 32,9 млн тонна болды.
10 қараша 2022 ж. 615 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 201

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 170

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930