Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қант импортына квота 31 желтоқсанға дейін ұзартылды

Қант импортына квота 31 желтоқсанға дейін ұзартылды

Қант импортын квоталауға өтінімдердің жаңа нысандары бекітілді: ішкі нарықта сатуға арналған ақ қант және өнеркәсіптік өңдеуге арналған қамыс қант.
Өзгерістерге сәйкес, уәкілетті орган 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды:
тек қана ішкі нарықта сатуға немесе құрамында қант бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қантты импорттау үшін;
өнеркәсіптік өңдеуге арналған шикі қамыс қант.
Қант импортына квота алу үшін бір өтініш берушіге мәлімделген ең төменгі көлем жиынтықта кемінде 3300 тоннаны құрайды.
Еске салсақ, көктем мен жазда Қазақстанда қант бағасы рекордтық көрсеткішке жетті. Бірқатар өңірлерде қант дүкен сөрелерінен мүлде жоғалып кетті. Қант тапшылығынан кондитерлер де зардап шекті.
Ресей 14 наурыздан бастап өнімді экспорттауға шектеулер енгізіп, бұл Қазақстанда бағаның тез өсуіне себеп болған. Бұл ретте Қазақстан қанттың үштен бір бөлігін ғана өзі қамтамасыз етіп, қалған көлемін шетелден сатып алатыны белгілі болды. Үкімет тәуелділікті азайту үшін 2025 жылға қарай өз қантының өндірісін ұлғайтуға уәде беріп отыр.
15 қыркүйек 2022 ж. 669 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031