Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

2022 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 163,4 млрд теңге бөлінді. 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 291 теңгені құрады. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалғанын еске салайық. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ті, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ін құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді. Егер бір ай ішінде МЗЖ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады. Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

21 ақпан 2022 ж. 670 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 209

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 180

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930