Қазақстандықтар үшін қандай қаржы құралдары табысты
ҚР Ұлттық банкі Қазақстан азаматтары үшін өткен жылы қандай қаржы құралы жоғары кіріс әкелгендігіне қатысты талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық банк халық арасында ең танымал Қазақстан аумағында валюталардың әртүрлі түрлеріндегі (теңгемен, АҚШ долларымен және еуромен, Ресей рублімен) банктік депозиттер, алтын, сондай-ақ қолма-қол валюталар (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі және теңге) және баламалы түрде қазақстандық компаниялардың акциялары түріндегі инвестициялауға арналған қаржы құралдарының 2021 жылғы номиналды кірістілігіне талдау жүргізді. Талдау аясында салымшылардың жыл соңындағы бағам/бағам белгілеу бойынша теңгеге конвертациялаумен 2021 жылдың басында жыл басындағы ағымдағы бағам/бағам белгілеу бойынша Қазақстан ішінде әртүрлі құралдарға 10 000 теңге сомасында қаражат салуы туралы болжам жасалды. Салыстыру үшін ай сайынғы капиталдандыру арқылы тарту мерзімі 12 айлық депозиттер қаралды. Теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары кірістілік 2021 жылғы қаңтарда 14 пайызға дейін (мерзімі 1 жылдық жинақ депозиттері бойынша) жетті, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1 пайыз болды», - деп атап өтеді Ұлттық банктен. Таратылған ақпаратта қарағанда, қазақстандық компаниялардың акцияларына қаражат салу тауар-шикізат нарықтарының (мұнай және уран) өсуі және рейтингтердің жоғарылауымен қатар компаниялар пайдасының өсуі аясында 2021 жылы 37,4% деңгейінде барынша жоғары кірістілік әкелді. Теңгелік жинақ депозитінің жоғары сыйақы мөлшерлемелері 14,00 пайыздық тартымды кіріс келтірді. Ең жоғары кірісті және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, ақшаны долларлық салымдарға орналастыру 3,63 пайыздық кірістілік берді. Бұл теңгелік жинақ депозитінің кірістілігінен 3,9 есе аз. Инвесторлардың АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын мейлінше ертерек күшейтуін күтуінен АҚШ долларының жаһандық нығаюы және импорт пен тұтыну белсенділігінің қалпына келуіне байланысты валютаға ішкі сұраныстың өсуі аясында теңге АҚШ долларына қатысты 2021 жылы 420,71-ден 431,67-ге дейін әлсіреді. Рубльдік салымдар 3,15 пайыздық кірістілік әкелді Бұл теңгелік жинақ депозитінің кірістілігінен 4,4 есе аз. Ресейден тауарлар импортының өсуі аясында теңге Ресей рубліне қатысты 2021 жылы 5,65-тен 5,77-ге дейін әлсіреді. Олардан кейін номиналды кірістілік деңгейі бойынша қолма-қол АҚШ долларындағы және Ресей рубліндегі жинақтар орын алады. Алтынға салым (-)1,67 пайызмөлшерінде теріс кірістілік әкелді. Өйткені вакциналардың әзірленуіне және жаппай вакцинациялаудың іске асырылуына байланысты жаһандық өсу перспективаларының белгісіздік деңгейінің төмендеуі аясында бағалы металдың құны 2021 жылы бір грамм үшін 25 396,01 теңгеден 24 970,91 теңгеге дейін төмендеді. Алтын инфляциядан хеджирлеу ретінде инвестициялық тартымдылықты қайтара алмады. Керісінше акциялар мен жылжымайтын мүлікке сұраныс өсті. ҚР ЕДБ-дегі ең жоғары мөлшерлемені және бағамдық өзгерісті ескере отырып, салымдарды еуродағы депозитте сақтау теңгенің еуроға қатысты 516,13-тен 487,79-ға дейін нығаюына байланысты (-) 4,55 пайыз, қолма-қол еурода (-) 5,49 пайыз деңгейінде теріс кірістілік берді.