Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Владимир Божко шыны зауытының жұмысымен танысты

Қызылорда: Владимир Божко шыны зауытының жұмысымен танысты

Елімізде Индустрияландыру картасы аясында өндіріс орындары көбейіп келеді және болашақта олар елге жұмыс орнын беретін ірі орталықтарға айналады.
Қызылорда облысына іссапармен келген Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко шыны зауытының жұмысымен танысқанда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған ірі жобаға сәттілік тіледі. Қызылорда облысындағы индустриялық аймақтан 50 гектар жер алған шыны зауыты «Orda Glass» серіктестігінің басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев кәсіпорын толық күшіне енген жағдайда соңғы технологиямен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыттың бірі болатындығын айтады. Қытайдың «China Triumph International» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеп жатқан зауыт жылына 197 мың тоннадан астам шыны табақша шығармақ. Көп кәсіпорындардың өндіріске керекті шикізат елімізде жоқ болғандықтан көршілес республикалардан керегін алып жүргені белгілі. Мәселен, Шымкенттегі «Керамик» зауыты. Мемлекет басшысының өзі келіп, тұсауын кескен керамика зауыты талай инвестор ауыстырып, жүруінен тұруы көп болған. Себебі керамикаға керекті құм Украина мемлекетінен тасымалданғандықтан жұмсалған шығынның орнын жаба алмады. Кейін «Зерде» компаниясы қолына алды. Әйтсе де шикізат қиындығы айналып өтіп жатқан жоқ. Ал «Orda Glass» компаниясының мықтылығы, шикізатқа қажеттілік түгелге дерлік облыс аймағынан табылып отыр. Арал ауданындағы кварц құмы, доломит және әктас шы¬ны зауытының кемесін өрге жүздірмек. Бүгінде тек сырттан кальцийлендірілген сода әкелінеді. Бұл мәселе де оябын табатын секілді. Ержан Сағымбаев соданы «Арал-тұз» АҚ-пен бірлесе отырып өңірде өндіруге болатындығын айтады. Мұндай жағдайда өндіріске керекті шикізат жүз пайыз дерлік облыс аумағында алынады. Салыстырмалы түрде айтсақ, мұндай ірі шыны зауыты Жапония және Қытай мемлекетінде ғана бар екен. Облыстағы шыны зауытының серіктесі «China Triumph International» компаниясы әлемге әйгілі кәсіпорындардың бірі. Әдетте көп азаматтар шетелдік әріптестіктен бой жияды, іштей қауіп ойлайды. Әсілінде серіктестіктен қорқуға болмайды. Екі күшті компанияның бір-бірін қолдап, дем беруі әлемдік жақсы тәжірибе. Қытай инвесторлары шыны зауытының қызметкерлерін тәжірибе алмасу бағытында шетелде оқытуға мүдделі болып отыр. Шыны зауытының басқарма төрағасы болашақта кәсіпорында «Apple», «LG», «Nokia» сынды ірі компаниялардың өнімдері – планшет, смартфон және өзге де гаджеттерге арналған ультражіңішке шынылар жасалатындығын айтады. – Одан бөлек зауытта микроскоп, дүрбілерге де арнап өнімдер шығару қолға алынбақ. Зауыт жұмысын жолға қойып, аяққа тұрғаннан соң ғарышқа ұшырылып жатқан зымырандарға қолданылатын әйнектер жасау да ойда бар, – дейді басқарма төрағасы. Бүгінгі дамыған технология дәуірі ондай болмақ қайда дегенді айтқызбайды. Әлемге әйгілі «Siemens» брендтік компанияның тарихын оқып, таң қалған едік. Германияда Сименс деген өнертапқыш ғалым болған. Қиялы басына сыймаған, бірақ қалтасы жұқа ғалым-инженер үнемі жаңа технологиялардың жобасын жасап, дәулетті адамдардың есігін қағып жүреді екен. Көбісі ақылынан айныған өнертапқышты қабылдамаған. Тамшы тасты теседі. Алдынан орайлап шығып қоймағаннан кейін бір кәсіпкер Сименстің жобаларын өндіріске жаратып көрген екен, соның нәтижесінде медицина саласында орны ерек қондырғылар дүниеге келген. Ал тарихта ол кәсіпкердің емес, кезінде көзіне ешкім ілмеген «Siemens»-тің аты қалды. Үлкен іс кіші бастамалардан құралады. Қызылордадағы шыны зауытының болашағы туралы айтар болсақ, орындалмайтын жоба еместігін осыдан көре беріңіз.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы
Egemen.kz

04 сәуір 2018 ж. 906 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930