Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирус қарқыны 17 пайызға төмендеді

Қазақстанда коронавирус қарқыны 17 пайызға төмендеді

Қазақстанда сырқаттану жағдайының төмендеуі 17 пайызды құрып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында әлемнің 21 елінде коронавирус инфекциясының беті қайтып келе жатқанын айтты. "Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясының 240 миллионнан астам, тәулігіне 300 мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр, 4,9 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 33-інде аурудың өсуі байқалған. Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Польшада байқалды. Онда сырқаттану деңгейі 122%-дан асқан. Грузияда – 98%, Украинада – 69%, Венгрияда – 50%-дан астам, Арменияда – 40%-дан астам, Ресейде – 30%, Молдовада – 20%-дан астам, Түркия, Аустрия және Германия, Қырғызстан, Беларусь елдерінде 2-ден 10%- ға дейін өскен", – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, сырқаттану деңгейі Қазақстанда 17 пайызға төмендеген.
"Сырқаттану көрсеткіші Израильде 61%, Испанияда 43%, Швейцарияда 39%, Черногорияда 24%, Италияда 22%, Францияда 16%, Әзербайжанда 7%-ға түскен. Қазақстанда кейінгі екі аптада сырқаттану 17%-ға төмендеді", – деді денсаулық сақтау министрі.
Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейтінін айтты.
19 қазан 2021 ж. 449 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031