Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цемент бағасы арзандайды

Цемент бағасы арзандайды

Облыс бойынша цемент бағасы өткен және биылғы жыл басымен салыстырғанда өсіп отыр. Бұл тауарлы бетон, құрылыс компаниялары салып жатқан үйлердің де бағаларына әсер етуде. Бағаның өсуі тұрғындарға да оңай соқпай тұр.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыс бойынша департаментінің «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның қатысумен «Цементті өндіру және өткізу нарығындағы мәселелері»» тақырыбында өткен Open Space кеңсе отырысында департамент басшысы Е.Орынбаев осындай ой айтты. Департамент басшысы тауарлы бетон өндіруші зауыттар құрылыс компанияларымен тікелей цемент жеткізу келісім-шартын жасау, көпшілік тұтынатын 50 келілік қаптағы ЦЕМ ll/А-Ш 32,5 Н (ПЦ400 Д20) цементтің бағасын мүмкіндігінше төмендету бойынша өз ұсынысын жеткізді.
«Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бас басқарушысының сату жөніндегі орынбасары Сун Вэнбинь бағаның өсу себептерін айтты. Цементтің өзіндік құнына шикізат материалдары бағасының өсуі әсер етуде. Атап айтқанда, көмір, гипс, темір кені, полипропилен және тағы басқа материалдар, сонымен қатар, электр энергиясы, теміржол тасымалы (кірме жолдарды ұсыну, вагондарды беру және жинау) тарифтерінің маусымдық өсуінен болып отыр.
Отырыс соңында Е.Орынбаевтың ұсыныстары ес­керіліп, алдағы уақытта халықтың негізгі тұтынатын 50 келілік қаптағы ЦЕМ ll/А-Ш 32,5 Н (ПЦ400 Д20) бағасы түсетіні айтылды. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу, диллердің қатысуынсыз цемент сатып алуға бетон зауыттарының, құрылыс компанияларының шығындарын азайту мақсатында шешім қабылданды. Өңірдің бетон зауыттарымен, құрылыс компанияларымен тікелей келісім-шарттар жасасу процесін жеделдету мақсатында жұмыстар жүргізетіні жөнінде хабарлады.
25 қыркүйек 2021 ж. 579 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031