Қандай маникюр ұнайды? (тест)
Адамның киген киіміне, жүріс-тұрысына қарап мінезін анықтау ға болатынын бәріміз білеміз. Тіпті соңғы кездері тырнағына да, таңдауына да қарап ол туралы ақпараттар айтып берсе, таңғалмайсыз. Бүгін кезекті маникюрге береміз. Бір қыз франциялық үлгіде тырнақ бояуын таңдаса, енді бірі қанық қызыл таңдауы мүмкін. Өзіңіз туралы тағы бір қызықты дерек білгіңіз келе ме? Олай болса, мына суреттен біреуін таңдаңыз.
1. Сіз үшін мансап бәрінен де алдыңғы орында тұрады, өте еңбекқор жансыз. Дегеніңізге жетпей қоймайсыз. Өз бағаңызды жақсы білесіз. Мұны әлдекім тәкаппарлыққа балауы мүмкін. Талғамыңыз жақсы, сол арқылы айналаңыздағыларға ұмытылмас әсер қалдыра аласыз.
2. Отбасы – өміріңіздің ең мәнді тұсы. Сабырлы, салмақты, әділ адамсыз. Кейде өзіңізге тым жоғары талаптар қоясыз, сенімсіздік те пайда болады. Жаныңыздағылар сіздің бағаңызды біле бермейді. Сіз өте мейірбан жансыз. Кез келген жағдайда басқалар сізге арқа сүйей алады. Өте жақсы дос, ең жақсы отанасы боласыз.
3. Сіз креативті, шығармашылық жансыз. Басыңызда қанша идея болса, соншалықты достарыңыз да көп. Дарыныңызды босқа құртпасаңыз, хоббиіңізді мансапқа айналадыра аласыз. Барлығына ұнау мүмкін емес, бәрі бірдей сіздің жаныңызды ұға бермейді. Бірақ басқалардың сөзіне, ойына бола бірегейлік қабілетіңізді тұнықтыруға болмайды.
4. Сіз секілді жан болмаған, болмайды да. Өте ашық, бауырмал жансыз. Ортаның "гүлісіз", сізді көрген жан бірден осындай ойға келеді. Өзіндік ерекше стиліңізбен киінесіз, қоғамдағы маңызды жаңалықтардың барлығынан хабардар болып отырасыз. Сізді көргенде журналистердің өзі қызғаныш танытады. Сіз осындай жұмысқа жаралғансыз.
5. Міне, нағыз әйел заты осындай болуы керек! Өте нәзік, мейірімді. Қарапайым лашықтың өзін жылы ұяға айналдырып жібересіз. Үйге келген қонақ кеткісі келмей қалады. Қамқор, елгезек, қайырымды жансыз. Көрген жан сізбен құрбы болуға құштар. Ал еркектердің барлығы сіздей әйелді армандайды.
6. Сіз өте-мөте эмоцианалды жансыз. Кейде өз өзіңізді танымай қалатын сәттеріңіз болады. Достарыңыз сіздің жанында өзін бақытты сезініп, көңілді жүреді. Түк көңіл күй болмай отырған адамның өзін жадыратып жібересіз. Өміріңіз той-думанға толы.
massaget.kz