Ерінді үлкейтетін тағамдар
Америкалық визажист және бьюти-блогер Худа Кттан ерінді табиғи түрде үлкейтуге мүмкіндік беретін тағамдарды атады.
Маманның сөзінше, мұндай өнімдердің бірі – даршын. Бұл дәмдеуіш қан айналымын жақсартады. Сондықтан оны ерінге арналған косметикалық құралдардың құрамына жиі қосады екен. Кттан ерінді жылдам ұлғайту үшін, даршын майының бірнеше тамшысын ерінге арналған жылтыр далапқа қосуға кеңес береді, деп хабарлайды.
«Әсерін арттыру үшін, ұнтақталған даршынды вазелин, зәйтүн майы, бал және кел келген бальзаммен араластырып, ерніңізге жағып, бір минуттан кейін дымқыл сүлгімен сүртіп тастаңыз», - дейді ол.
Сонымен қатар ащы жалбыздың майы да осындай әсер береді. Кттан аталған майды балмен араластырып, ерінге жағып, бірнеше минутқа қалдыруға кеңес береді.
Ерінді үлкейтетін тағы бір табиғи құрал – васаби.
«Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, васаби сушиге қосатын қоспа ғана емес. Сонымен қатар ол ерніңізді аз уақыт ішінде томпақ ете алады. Ерніңізге васабиді жағып, бір минутқа қалдырыңыз. Жағымсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл инъекциядан жақсы», - дейді визажист.