Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ұл тумайсың деп сабайды...

Ұл тумайсың деп сабайды...

Жергілікті билік миллионер күйеуінен таяқ жеп жүрген екі баланың анасына көмектесудің орнына, ол жүгінген қорғаушының жаман екенін дәлелдеуге тырысқан.

Джизақта адам таңғаларлық оқиға болып отыр. Пахтакор ауданының 37 жастағы жергілікті тұрғыны Угилой Кулжанова өзін ерінен қорғай алмай отыр. Тіпті, оған жергілікті құқық қорғау органдары көмектесе алмаған, деп хабарлайды centre1.com сайты.

Шарасыздан ол құқық қорғаушының көмегіне жүгінген. Десе де мұның өзі жергілікті билікті шара қолдануға асықтырар емес. Жуырда әйел кәмілеттік жасқа толмаған балаларымен далада қалып қоюы мүмкін.

Күйеуі ұл бала сүйгісі келетінін айтып, бәріне әйелін айыптап отыр. 2004 жылы Угилой Акрам Кулжановқа тұрмысқа шығып, отбасында екі қыз бала дүниеге келеді. Көп ұзамай күйеуі Кулжановаға қол көтере бастайды. Тіпті, өткен жылдың желтоқсан айында әйел қатты соққы салдарынан 6 күн бойы ауруханада жатқан.

Әйелдің жүктілігі ер адамды тоқтата алмады. Қаңтар айында осындай отбасылық жанжалдан кейін Угилой ішіндегі екі айлық нәрестесінен айырылады. Осы жағдайдан кейін Акрам өзінің ағасының үйіне кетіп қалады. Араға екі апта салып заттарын алу үшін үйіне келіп, Угилой мен сол сәтте жанында болған әпкесін соққыға жығады. Осы сәтте олардың қасында учаскелік милиция болған. Алайда олар ер адамдарды тоқтату үшін еш әрекет жасамайды.

Әйелдің адвокаты Уктам Пардаевтың айтуынша, жәбірленушінің арызын облыстық ІІБ қабылдамай отыр.

«Себеп – қарапайым. Оның күйеуі – солардың бірі. Ол Джизақ ауданының кезекші бөлімінде жұмыс істейді. Ал оның ағасы Акром Кулжанов, тіпті, Дустлик қаласындағы милиция бастығының орынбасары», - дейді ол.
11 мамыр 2019 ж. 151 0

Бүгінгi жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031