Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дариға Бадықова: "Еңбегім үшін бір қап пияз сұрадым"

Дариға Бадықова: "Еңбегім үшін бір қап пияз сұрадым"

«Жылдың үздік актрисасы» атанған Дариға Бадықова қиындыққа толы балалық шағы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «The Эфир» бағдарламасына сілтеме жасап. Отандық комедияларда бой көрсетіп жүрген өнер иесінің әрбір образы халықтың жадында ерекше сақталып қалады. Алайда, жұрттың сүйіктісіне айналған актриса кішкентай кезінен бастап қиындық көріп, отбасын өзі асыраған. Ән айтып жүріп 7-сыныбында үй алған Дариға Бадықова сырын бөлісті.

«Үшінші сыныпқа келгенде ауылдың жұлдызы болдым. Ешқандай той менсіз өтпейді. Тойға барамын, бір сиыр, бір жылқы аламын, 7 сыныбымда өнерім үшін үйлі болдым. Маған сенім артып сол заттарды бергендігі мен үшін мәртебе болды. Тойда 200 теңгеге ән айтамын, кейіннен 500 теңге болды. Үстелде сыйлықтар тұрады, сонда қуыршақ, ойыншық таңдамаймын да, кофе, шай болса алып, мамам ертең шәй береді деп ойлаймын», - дейді актриса.
Ән айтып, пияз сұрап жүріп, қалаған оқу орнына түсіп, еңбегінің арқасында көтерілген Дариға отбасын асыруады бала күннен міндет санаған. Тойдан шыққанда болашақ актриса міндетті түрде үйіне бауырсақ, тәтті сұрап алады екен. 200, 500 теңгеге салтанатты шараларда ән салып, балалық шағының қиын болғанын жасырмаған Дариға қанша жерден жоқшылықта өскеніммен сол кездер қызық болды дейді.
«Бір күні кинотеатрдың бастығының тойына бардым. Есігінің алдында бір мүшек жуа жатыр екен. «Ой, Дариға, келдің бе? Жарайсың! Кешке бізге күштілеп тұрып ән айтасың, мына қызға кетерде бір мүшек пияз салып беріңдер» деді. Естіп алдым ғой соны. Той біткенше мида пияз. Ана кісі қызып қалған болу керек, пиязды ұмытып кетті. Сосын мен «Аға, сіз бағана бір мүшек пияз беремін деп едіңіз ғой» деп, сұрап алдым. Пияз деген неше күндік тамақ қой, ол кезде өмір сүру өте қиын болды», - дейді Дариға Бадықова.

07 мамыр 2019 ж. 4 157 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930