Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәбидің еңбегіне қарап қай жері ауырып тұрғанын білуге болады

Сәбидің еңбегіне қарап қай жері ауырып тұрғанын білуге болады

Жалпы, бала өмірге келгенде оның басында екі еңбегі болады. Үлкен және кіші. Үлкен еңбек – бәрімізге белгілі, маңдайдан сәл жоғары орналасқан, бүлкілдеп тұратын еңбек, ал кіші еңбек қарқұс жақта болады.

Ол көбінесе шала туған нәрестелерде кездеседі, уақыты жетіп туған балаларда болмауы да мүмкін. Болған күннің өзінде бала қырқынан шыққанға дейін қатып кетеді. Бұлай болуы заңды. Ал біз сөз еткелі отырған еңбек – үлкен еңбек.

Жаңа туған сәбидің басының пішіні әр баланың өзіне ғана тән, әртүрлі болуы мүмкін. Бұған қарап, «Бәленшенің баласының басы мынадай, менің баламдыкі мынадай» деп бас қатырудың қажеті жоқ.

Сіздің балаңыз әлемде қайталамасы жоқ, ерекше бала! Рас, рас, әр бала әр түрлі болады. Соған сәйкес, еңбегі де әртүрлі. Және еңбектің қату уақыты да бірдей емес. Егер сіздің сәбиіңіздің еңбегі құрбыңыздың баласының еңбегінен кештеу қатып жатса, бұған бола алаңдамаңыз.

Ең дұрысы, күдігіңізді айтып дәрігердің кеңесін тыңдап қайтқаныңыз абзал. Ал, дәрігерге баланың еңбегі қатпай тұрып барғанның бір ғажабы – дәрігер баланың еңбегіне нейросонография жасау арқылы тексеруден өткізе алады.

Осылайша, сәби миының даму деңгейін, қалыбын анықтап, күдігіңізді сейілтіп алуға болады. Егер ол бүлкілдеп тұрса, бұл қорқынышқа себеп емес, керісінше, баланың қанайналым жүйесі жақсы жұмыс істеп тұр деген сөз.

Қату уақыты
Баланың еңбегі, қалыпты жағдайда бір жасқа дейін қатып бітеді. Ата-бабамыздан «Баланың еңбегі «тас» дегенде тастай қатады» дейтін сөз қалған. Бұл – қазіргі медицина дәлелдегендей, әр баланың жеке ағза екендігінің белгісі болса керек.

Білуімізше, баланың тілі шығу үдерісі әрқилы, сол сияқты еңбегінің қату уақыты да да әртүрлі болуы ғажап емес. Кейбір баланың еңбегі бір жарым жасқа дейін қатпайды. Бірақ, солай екен деп қамсыз жүре беруге болмайды. Егер баланың еңбегі тым үлкен болса, немесе тым ерте қатып бара жатса, бірден дәрігерге көрсеткеніңіз жөн.

Бала ағзасының өзіндік ерекшеліктері, сол баланы көтеріп жүрген кездегі ана күтімі сәбидің еңбегінің қату уақытына әсер етеді. Егер болашақ ана поливитаминдер мен кальцийге бай сүт өнімдерін көп пайдаланған болса, баланың еңбегі ерте қатуы мүмкін.

Керісінше, бала ағзасына кальций жетіспесе, қатуы кешеуілдеп жатады. Сондықтан да, болашақ ана дәрігер жеке өзіне тағайындаған дәрумендерін ғана пайдаланғаны жөн. Осы ретте айта кетуге тиіс нәрсе – ана ағзасындағы артық кальций баланың жолдасының ерте ескіруіне де әкеліп соғуы мүмкін. Ал бала үшін еңбектің өз уақытымен қатқаны абзал.

Еңбек пішіні
Еңбектің ерте қатуы ми дамуына әсер етіп, өсуін тежеуі де мүмкін. Сәби ағзасында кальцийдің аздығы тек еңбекті ерте қатырып қана қоймайды, сонымен қатар рахитке әкеліп соғуы мүмкін. Рахит болған баланың аяғы қисаяды, сүйектері өзгеріске ұшырайды, жүрісі өзгереді.

Бала мазасызданып, нашар ұйықтайды, жиі терлеп, қарақұс тұсындағы шаштары өспей қалады. Баланың еңбегі уақытынан кешікпей қатуы үшін дәрігерлер сәбиді тексеріп, кальций-фосфор алмасуын қалыпқа түсіруге тырысады. Бұл үшін оған D дәруменін береді.

Еңбектің қатуымен бірге еңбектің пішіні де маңызды. Ол шамамен 1 – 3 см-ді құрайды. Бұдан өте үлкен немес өті кіші болған жағдайда дәрігерге көрсету керек. Және дәрігерге баланың қалай мазасызданатынын, диі терлейтінін, шашатары өспей қалғандығын тәптіштеп, толық айту керек. Түнде мазасыз болса оны да айтыңыз. Мұның барлығы баланың басішілік қысымы бар ма, жоқ па соны анықтауға да көмектесер айғақтар.

Қалай күтеміз?
Көп жағдайда жас ата-аналарды «Еңбекке арнайы күтім керек пе? Оны ұстауға бола ма?» деген сұрақ мазалайды. Ол соншалықты қорқынышты нәрсе емес. Осы уақытқа шейін қаншама бала сондай еңбекпен өмірге келіп, адам болып, жер басып жүр? Бәрі де табиғи, қалыпты жағдай.

Еңбекті ұстауға да болады. Ол маңдайда орналасқан, ал бала маңдайынан сипағанды жақсы көреді, әрине, дәл сол еңбектің үстін басып тұрып алмасыңыз анық қой.

Сәби еңбегінің ішке түсіп тұруы – баланың денесінің сусызданып кетуінің белгісі болуы мүмкін. Көбінесе ол баланың іші өтіп, қызуы көтерілгенде немесе көп құсқанда түсіңкі болып тұрады. Осы ретте айта кетер жайт – жаңа өмірге келген баланың денесі тез сусызданады.

Ол аздап тұмауратып қалса да, іші өтсе де, қызуы көтерілсе де денесіндегі сұйықтық азайып кетуі мүмкін. Бұл бала үшін қауіпті. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін, бала ауырып қалған кездерде, ең бастысы, сәбиге сұйықтықты аз-аздан болса да жиі беру керек. Сұйықтықтың өте тәтті болмағаны дұрыс.

Қорыта айтқанда, баланың еңбегіне де мән бере жүріңіз. Еңбегіңіздің далаға кетпесі анық.


22 наурыз 2019 ж. 13 561 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930