Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде не болып жатыр?

Әлемде не болып жатыр?

Дөңгеленген дүниеде елді елең еткізетін күн сайын жаңалық болып жатады. Алапат ақпараттың тасқынына ілесу қиын. Бірін ой елегінен өткізесің, екіншісін қабылдап үлгере алмай жататының ақиқат. Сонымен…
Леонид Кучма: Украинаның президенті жас адам болуы керек
Украина Ресеймен бұрын қабылданған «Мәңгілік достық туралы» шартты үзді. Енді украин жерінде орыс саясатына қатысты ешнәрсе де аталмайтын болады. ЕуроОдақ пен НАТО ұйымына кіруді аңсап отырған Украинаның алдағы уақытта ТМД елдерімен қатынасы қалай болады? Ол жөніндегі әңгіме бөлек. Бірақ ресми Мәскеумен қатынасты мүлдем үзген Киев өз келешегін АҚШ, Еуропа елдері мен НАТО ұйымымен байланыстырып отырғаны ол енді айдай анық. Десек те, дәл қазіргі уақытта Украина үшін тағы бір мәселе, ол Президент сайлауы болып отыр. Украинаның басшысы кім болады? Петр Порошенко ма, жоқ әлде, Юлия Тимошенко ма? Ол жағы келер жылы өтетін президенттік сайлауда айқындалғалы тұр. Қалай айтқанда да, Порошенкоға қарсылас бола алатын қарсыластар елде жетерлік. Әсіресе, «Батковщина» партиясының лидері Юлия Тимошенконы жақтаушылардың қатары көбейіп барады. Соған қарағанда, Порошенкоға басты қарсыластың бірі осы кандидат болуы әбден мүмкін. Алайда аталған екі үміткерді ғана емес, Президент креслосында жаңа әрі жас азаматтың болғанын жөн көретіндер де бар. Жақында осыған қатысты Украинаның екінші президенті Леонид Кучма өз пікірін білдірді. Днепрде өткен баспаөз мәслихатында ол «билік басына келетін адамның жас болғаны дұрыс» деп мәлімдеме жасады. – Менің ойымша, жастарға орын босатқан дұрыс. Өйткені келешек – жастардың қолында. Егер осы тақыпқа қатысты пікірталас жүргізер болсақ, ешкім де ештеңе айта алмайды. Біздің ең басты проблемамыз да осы, – деді Украинаның – екінші президенті Леонид Кучма. Ал кейінгі кезде әңгіме болып жүрген мәселе ол – Конституцияның өзгеруі. Леонид Кучма бүгінгі өмір сүру – Конституциямен дұрыс әрі қисынды» деп есептейді. – Билік басына келген адамның барлығы да өз ыңғайына лайықтап, Конституцияны өзгерткісі келеді. Одан да осы заңмен өмір сүрген қазіргі уақытта қолайлы болып отырғанын ешкім де мойындағысы келмейді. Әр нәрсенің уақтысы болады. Сонда ғана Конституция өзгертуі керек, – дейді Леонид Кучма.
Журналисті өлтіріп кетті
Мексиканың Чьяпас штатында Heraldo de Chiapas басылымының тілшісі Марио Гоместі жұма күні белгісіз біреулер өлтіріп кетті. Бұған дейін оған біреулер телефон соғып, қоқан -лоққы жасаған. Бұл туралы тілші құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабарлаған. Ал тосын оқиға қалай жүзеге асты? Ол жалғыз өзі үйінен шыққанда бет-жүзін тұмшалап, мотоцикл мінген біреу қарсы келіп, автоматпен оқ жаудырған. Ол атылған оқтан ауыр жараланып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Жалпы әлем бойынша саралап қарар болсақ, журналист Мексикадағы ең қауіп -қатері көп мамандықтың бірінен саналады. Мексиканың адам құқы жөніндегі комиссиясының дерегіне сүйінсек, соңғы 18 жылда 138 журналист әртұрлі жағдайда қаза тапқан, елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының 21 өкілі із-түссіз жоғалып кеткен.
Бәріне сурет кінәлі
Польшаның Belsat телеарнасының басшылығы әлеуметтік желі жөніндегі менеджер Иван Шилоны жұмысынан шығарды. Ал мұның себебі неде? Әңгіменің тоқетеріне келсек, Иван Шило өзінің әлеуметтік жеке парақшасында АҚШ пен Польшаның президенттерінің кездесуінен сурет жариялаған. Онда Ақ үй басшысы столда отыр, ал Польша лидері болса, түрегеп тұрып, келісімшартқа қол қоюда. Суреттің соңына телетілші Иван Шило «Сол жақта – Польша президенті» деп жазып қойған. Бұл фото анығын айтқанда, әлеуметтік желідегілердің намысын жанып, ашу – ызасын туғызған. «Осыдан бірнеше ай бұрынғы кездесуде Солтүстік Корея президентімен Ақ үй қожайыны келісімшартқа столда отырып қол қойды. Ал біздің елдің басшысы Ким Чен Ын құрлы болмағаны ма? деген секілді пікірлер көбейді. Сурет жарияланған күннің ертеңінде Иван Шило өзінің әлеуметтік парақшасында «Мені жұмыстан қуды. Барлық қызметтік құжаттарымды алып қойды. Польша президентінің столда түрегеп тұрып келісімшартқа қол қойғаны ол енді – ақиқат. Суретті мен түсірген жоқпын. Оны Американың бүкіл ақпарат құралдары жариялады. Оған қатысты мені кінәлі ету – ақымақтық. Бұл туралы кейінірек толығырақ жазамын» деп жазды. Бұл оқиғаға қатысты кейінірек Belsat телеарнасының басшылығы Агнешка Ромашевская «Польша мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастықтың маңызы өте үлкен. Бұл ең алдымен елдің қауіпсіздігі үшін керек. Ал Президент келеке ететін тұлға емес» деп пікір білдірді. Бір қарағанда, Президенттің түрегеп тұрып келісімшартқа қол қойғанында тұрған ештеңе жоқ. Бірақ әңгіменің тоқетеріне келсек, Belsat телеарнасы директорының анасы Польша президентінің кеңесшісі болып жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.
Сауд Аравиясында әйелдер жаңалықтар жүргізеді
Осы уақытқа дейін ел тарихында мұндай оқиға орын алған жоқ. Өткен аптадан бастап елдің бірқатар телеарналарында жаңалықтарды әйелдер жүргізетін болды. Атап айтар болсақ, Al Saudiya телеарнасында тележурналист әйел Виам аль-Дахил диктор Омер эн Нашванмен бірге кешкі жаңалықтарды жүргізе бастады. Виам аль-Дахил Ливандағы Америкалық университеттің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін Al-Hayat басылымында, CNBC Arabia, Al Jazeera және Al-Arab телеарнасында жұмыс істеген. Жалпы бұл Сауд Аравиясындағы алғашқы жаңалық емес. Елде соңғы кезде әйелдердің құқын кеңейтуге қатысты біршама заңдар қабылданды. 2017 жылдан бастап әйелдер ерлермен тең дәрежеде көлік жүргізе бастады. 2018 жылдың 1 шілдесінен әйелдерге елдің Әділет министрлігі нотариалдық қызмет көрсетуге лицензия берді. Сондай –ақ осы жылдың жазынан бастап, әйелдер спорттық жарыстар мен мерекелік іс-шараларға, кинотеатр мен ресторандарға ерлермен бірге кіре алатын болды.
Меркель – елдің мақтанышы
Германия халқы елдің канцлері Ангела Меркельді елдің мақтанышы деп санайды. Жазушылар, мен саясаткерлер, журналистер мен сарапшылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы осыны аңғартты. Welt am Sonntag басылымы жүргізген сауалнама барысында басқа саясаткерлерге қарағанда, халықтың пікірі Меркельге қатысты өте жағымды болып шыққан. Елдің батысы мен шығысында тұратын халықтың басым бөлігі Ангела Меркельге оң пікір білдірген. Барлығы да оның жүргізіп отырған саясатын дұрыс деп есептейді. Екінші орынды елдің бұрынғы федеральдық канцлері Гельмут Шмит алған. Оны сауалға қатысқандардың 11 пайызы жақтаған. Үшінші және төртінші орындарды бұрын елді басқарған Вилли Брандт мен Гельмут Коль алған көрінеді. Сондай-ақ сәулеті жарасқан, мақтан етерлік шаһар ретінде ретінде немістер Берлин, Мюнхен және Гамбург қаласын атаған. Германия азаматтары сонымен қатар, Daimler, Volkswagen және BMW компаниясының өнімдерін «елдің бренд» деп атаған.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
aikyn.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 1 190 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930