Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Бразилия: түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағы

Қазақстан мен Бразилия: түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағы

Фото
Бразилия тарапының шақыруымен Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың алтыншы саяси консультацияларды өткізу мақсатымен Бразилия Федеративтік Республикасына сапары өтті.

Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдуардо Паес Сабоямен кездесуде екіжақты қатынастардың, жаһандық күн тәртіптің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі бастамалар мен кандидатураларды өзара қолдау мәселелері бойынша көпжақты ықпалдастықтың өзекті аспектілері талқыланды.
Екі мемлекет басшысы – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бразилия Президенті Лула да Силваның өзекті халықаралық проблемаларды шешуге бағытталған сыртқы саяси кестесінің жоғары динамикасы мен қарқындылығын атап өтіп, ғаламдық Оңтүстік елдерінің іс-қимылдарын үйлестірудегі мүдделілігін білдірілді.
Саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастыққа әрі қарай серпін беру мақсатында, тараптар жоғары және жоғарғы деңгейлерде өзара сапарларды ұйымдастырудың, парламенттік дипломатияны нығайтудың және «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сауда және инвестициялық кооперацияны белсендірудің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар бірқатар екіжақты құжаттардың жобаларын келістіруді жеделдетуге келісіп, Қазақстанның Бразилиядағы құрметті консулдары институтының кеңеюін қошеметтеді.
Делегация басшылары екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша тұрақты және тығыз байланыстарды жүргізуге деген ұмтылысына қанағаттанушылық білдірді. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті жетінші отырысы Астанада өткізілмек.
Бразилия астанасындағы сапары кезінде Қайрат Омаров сенатор Эспиридао Амин және депутат Клаудио Кажаду бастаған «Қазақстан-Бразилия» парламенттік достық тобының мүшелері, Бразилия Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Елші Аудо Фалейро, Бразилия ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Фредерико Ламего, Бразилия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің директоры Елші Руй Перейра, Қазақстанның Бразилиядағы құрметті консулдары және оған үміткерлер, сондай-ақ Бразилияның ауылшаруашылық зерттеулер жөніндегі мемлекеттік корпорациясының (Embrapa) Президенті Сильвия Мария Фонсека Массруамен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Бразилия тарапының шақыруымен Қайрат Омаров Бразилия СІМ «Рио Бранку» Дипломатиялық академиясында Орталық Азияға арналған дөңгелек үстелде баяндама жасады.
Бразилиялық тарап мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастарды белсендіруге жаңа серпін берген Қазақстан ресми делегациясының сапарын жоғары бағалады.
Бразилия  Латын Америкасындағы ең ірі экономика. Ел, аумағы бойынша әлемде бесінші орында (8,5 млн.шаршы км) және саны бойынша алтыншы орында (207 млн. адам). ХВҚ мәліметтері бойынша, Бразилияның номиналды ЖІӨ-сі 2023 жылы 2,2 трлн. долл. болып, ел әлемнің 9 экономикасына айналды. Жылдың ішіндегі ЖІӨ өсімі 3,2% құрады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 мың долл. жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 2,04% өсті. Бразилия экономикасының негізгі салалары  машина жасау, автомобиль жасау, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, жаңартылмалы энергия көздері және қызмет көрсету саласы.
12 мамыр 2024 ж. 1 477 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031