Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тікұшақтан миллион доллар шашылды

Тікұшақтан миллион доллар шашылды

Жуырда Чехия астанасы Прага маңында бір долларлық купюрадан "жаңбыр" жауды. Оны арнайы тікұшақ жалдаған жергілікті блогер Kazma ұйымдастырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Бастапқыда Kazma авторлық фильміндегі кодты шеше алған кез келген адамға миллион доллар беруге уәде еткен. Дегенмен, жұмбақтың шешімін ешкім таба алмаған.

Кейін блогер бұл ақшаны өзінде қалдырмайтынын айтып, жаңа байқау жариялаған. Жексенбіде таңертең Kazma өзінің веб-сайтында тіркелген жазылушыларға электрондық пошта арқылы жасырын орынды жібереді. Бұл жер Прагадан 30 шақырым жердегі егістік алқап болып шықты.

Белгіленген уақытта аспанда контейнері бар тікұшақ пайда болады, одан миллион доллар болатын купюралар шашылады. Ол кезде жерде мыңдаған адам болған. Еуропалық БАҚ мәліметінше, келгендер бір сағат бойы рюкзактары мен пакеттерге банкноттарды жинаған.

25 қазан 2023 ж. 319 0

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 25

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 52

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031