Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туристерді қызықтырған – Анталья

Туристерді қызықтырған – Анталья

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз.

Бауырлас елде көздің жауын алатын жауһар мекен көп қой. Соның бірі әлбетте, Анталья. Күн райы керемет. Жерорта теңізі бабында. Әлемнің әр қиырынан туристер ағылып жатыр. Пресс-турға бізден өзге Румыния, Сербия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен әріптестеріміз де келді.

Анталья – яхталар тізбектелген ескі теңіз айлағымен, шағыл құмдыы жағажайымен, әлемдік деңгейдегі қонақүйлерімен аты шыққан курортты қала. Түрк Ривьерасында орналасқан қалаға ел ішінен де, шекара сыртынан да туристер ағылып келеді. Антальяда біздің жыл санауымызға дейінгі және кейінгі көне ескерткіштер де көп. Мысалы, 130 жылы келген Рим императоры Адриананың қақпасы бар. Жауларынан қорғану үшін арқасын Жерорта теңізіне қаратып, күнгейін алып қақпаға тіреген. Қазір ғасырлар бойы соғыс пен табиғи апаттарға қарсы тұрған қақпаның тек қирандылары ғана қалған. ІІ ғасырда салынған Хыдырлык мұнарасы да қаланың көркіне айналған.  Мұнараға қарап, теңіздің жағалауына орналасқан Антальяның Рим империясы кезінде аса маңызды айлақ болғанын көрсетеді.
ttjk.info
13 шілде 2023 ж. 442 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930