Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қ.Тоқаев Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Қ.Тоқаев Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты.   
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.  
Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысты.
Қазақстан үшін Түркияның стратегиялық маңызы зор. 1991 жылы Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде алғаш мойындаған ел – Түркиямен бірге бүгінде саяси, экономикалық, тарихи, мәдени, сауда-саттық салаларында ынтымақтастық күшейген. Ішкі туризмді дамытуда тәжірибесі мол Түркиядан көп нәрсе үйренуге мүмкіндік бар.
2022 жылғы деректерге сәйкес, былтыр Түркияға келген туристер саны 51,4 миллионнан асқан. Бұл індет басталмай тұрғанда (2019 жылы) рекорд болған 51,8 миллионның 99 пайызына тең. Осылайша, туризм саласы бойынша Түркия әлем бойынша 3-орын алды.
2022 жылы Түркияның туризм кірісі 2019 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл 46,3 миллиард долларға тең. Болашақта 90 миллион турист әкеліп, кірісін 2028 жылға қарай 100 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға үлгі болуы тиіс.
05 маусым 2023 ж. 662 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 152

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 154

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031