Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған
Ардақты пайғамбырымыз (с.ғ.с.): «Түшкіру – Рахманнан, есінеу – шайтаннан», – деген. Яғни, есінеу шайтанның ұнататын қылығы болғандықтан осылай айтылса керек.
Бұл жерде мүлде есінемеу керек деген де түсінік қалыптаспауы керек.
Адам не үшін есінейді? Адам ұйқысы қанбаған жағдайда, қатты шаршаған кезде есіней бастайды. Тіпті, Вена университетінің ғалымдары адамның есінеу жиілігі жыл маусымына, яғни ауа температурасына байланысты екенін болжаған. Олардың тұжырымдауынша адам ыстық ауа температурасында жиі есінейді екен. Есінегенде адамның миы салқындайды дегенді айтады.
Жалпы алғанда есінеудің адамға тигізер пайдасы шамалы. Жоғарыдағы хадиске қарағанда айтарлықтай зияны болуы да мүмкін. Бұл да мүлдем есінемеу керек дегенді білдірмейді. Адамда бұл құбылыс еріксіз жүзеге асады. Егер де есінеуді қайтара алса, қайтарсын. Болмаса есінеген кезде қолдың сыртымен ауызды жабу керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім есінесе қолымен аузын жапсын, өйткені зиянды нәрселер аузына кіреді», – деп бұйырған.
Демек, бұлардан шығатын қорытынды – дауысты шығармай, ауызды қолмен жауып есінеген абзал екендігін байқаймыз.
Нұрқанат Байзақ
Stan.kz