Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Куба медицина салаларында ынтымақтастық орнатады

Қазақстан мен Куба медицина салаларында ынтымақтастық орнатады

Биофармацевтика, медицина және туризм салаларындағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерін талқылау үшін бейнеконференция форматында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Кубаның Сауда палатасы арасында бірінші отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан тарапынан аталған іс-шараға Қазақстанның Кубадағы Елшісі Андриан Елемесов, ҚР СІМ Америка департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы төрағасының кеңесшісі Рустам Таженов және ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Куба тарапынан осы елдің Қазақстандағы Елшісі Оскар Сантана Леон, Сауда палатасының вице-президенті Рубен Рамос, биотехнологиялық және фармацевтикалық, сондай-ақ туристік компаниялардың өкілдері қатысты. 
Қатысушылар биофармацевтика және медицина саласындағы, атап айтқанда, әлемде танымал кубалық «БиоКубаФарма» компаниясымен, сондай-ақ туризм аясындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылады.
Қазақстандық тарап Кубамен туристік салада өзара ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіруде. Осыған орай, Қазақстан мен Кубаның туристік агенттіктері арасында тікелей байланыс орнатылады.




16 қазан 2022 ж. 822 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930