Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолия қазақтары моңғол тілін қазақ тілімен қатар оқуға қарсы

Моңғолия қазақтары моңғол тілін қазақ тілімен қатар оқуға қарсы

Моңғолия билігі негізінен қазақтар тұратын Баян-Өлгей аймағының мектептерінде қазақ тілімен қатар моңғол тілін де міндетті оқытуды енгізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Regnum басылымы.Моңғолияның Білім және ғылым министрі Лувсанцэрэнгийн Энх-Амгалан 1 қыркүйектен бастап Баян-Өлгейдегі балаларға бір мезгілде моңғол және қазақ тілдерін бірінші сыныптан бастап үйренуге мүмкіндік беретін екі тілді бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. Бірақ бұл шешіммен бәрі бірдей келісе бермейді.

Моңғолиядағы қазақтардың өкілі Масғұт Рысбек бұл шешімге қарсы баспасөз конференциясында сөз сөйледі.
"Жыл сайынғы емтихан нәтижесі бойынша аймақ Баян-Өлгей соңғы орындарды иеленеді. Мұның бірнеше себептері бар. Баян-Өлгей мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету 30-35 пайызды құрайды, бұл өте аз. Моңғол тілі мұғалімдерінің біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты мектеп оқушылары моңғол тілін жақсы білмейді. Шын мәнінде алты жасар қазақ баласы үшін моңғол тілі — шет тілі.

Олардың физикалық және ақыл-ой ерекшеліктерін, сондай-ақ халықаралық стандарттарды ескере отырып, мен моңғол тілін бірінші сыныптан бастап оқыту дұрыс емес деп санаймын. Халықаралық деңгейде этникалық азшылықтар өздерінің ана тілдерін бірінші сыныптан бесінші сыныпқа дейін және елдің ресми тілін бесінші сыныптан бастап үйренетін мысалдар жетерлік", - деді Масғұт Рысбек.

Масғұт Рысбектің бұл пікірі Моңғолияның әлеуметтік желісін шулатты. Моңғолияның көпшілік қауымы Моңғолия азаматы болып табылатындардың бәрі, ұлтына қарамастан, моңғол тілін үйренуі керек деп санайды.

Моңғолиядағы қазақтар саны жағынан елдегі екінші этнос және ең ірі ұлттық азшылық болып саналады. 2020 жылғы санақ қорытындысы бойынша Моңғолиядағы қазақтар саны 125 280 адамды (ел халқының 3,8%) құрады. Моңғол қазақтарының басым бөлігі Батыс Моңғолия аумағында Баян-Өлгей аймағында (халықтың 88,7%) және Ховд (11,5%) тұрады.

#қазақ тілі #Моңғолия #Моңғолия қазақтары

​​
01 шілде 2022 ж. 1 538 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 134

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930