Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 мамыр – дүниежүзінде демікпемен күрес күні

3 мамыр – дүниежүзінде демікпемен күрес күні

Жылда мамыр айының басында Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен астма бойынша жаһандық бастама (Global Initiative for Asthma, GINA) аясында Дүниежүзілік демікпемен күрес күні (World Asthma Day) аталып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік демікпемен күрес күнінің мақсаты – осы ауру туралы ақпаратты тарату және демікпемен ауыратын науқастарды тиісті емдеуге қол жеткізумен қамтамасыз ету, адамдардың бронх демікпесі туралы білімін арттыру, аурудың алдын алу және ерте диагностикалау туралы хабардар ету, медициналық көмектің сапасын арттыру және дәрігерлерді ғылымның кейінгі жетістіктері жайлы ақпараттандыру.

ДДҰ мәліметтері бойынша, демікпе – әлемдегі ең көп таралған созылмалы аурулардың бірі. Әр онжылдықта олардың саны бір жарым есе артып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Демікпе – елдің даму деңгейіне және азаматтардың табысына қарамастан жиі кездесетін аурулардың бірі.

Бронх демікпесі балаларға да, ересектерге де әсер ететін созылмалы жұқпалы емес өкпе ауруы болып саналады. Ол тыныс жолдарының қабынуымен және тарылуымен сипатталады.

ДДҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлем халқының шамамен 7-8%-ы астмамен ауырады. 2019 жылы астмамен ауыратындардың саны 262 миллион адам болды және аурудан 461 000 адам қайтыс болды.

Қазақстанда бронх демікпесімен сырқаттану 2021 жылы 16,6% - ға төмендеді және 2020 жылғы 126,1-ге қарағанда 105,2-ні құрады. Бұл балалар арасында жиі кездесетін созылмалы ауру.

Демікпені толығымен емдеу мүмкін емес болғанына қарамастан алдын-алу шараларының (мысалы, аллергенді жою), ингаляциялық дәрі-дәрмектердің көмегімен демікпесі бар адамдар ауруды бақылауда ұстап, қалыпты, белсенді өмір сүре алады, сүйікті ісімен, спортпен шұғылданады.

Демікпе диагнозын қою кезінде адамды денсаулық сақтау министрлігінің динамикалық бақылау туралы бұйрығына сәйкес медициналық ұйымда учаскелік дәрігер есепке алады. Амбулаториялық жеңілдікті қамтамасыз ету аясында демікпесі бар әрбір пациент ауруды бақылауға мүмкіндік беретін негізгі терапия препараттарын алуға құқылы.
03 мамыр 2022 ж. 1 178 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930