Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айда жерленген жалғыз адам

Айда жерленген жалғыз адам

Айда да адам жерленгенін білесіз бе? Оның ұлты - орыс, ғарыш саласын игеруге зор үлес қосқан ғалым. Евгений Шумейкер планетарлық ғылым пәнін жасауға атсалысқан. Оның күлі Айда шашылып жатыр. Ол ғарышкерлерді тәрбиелеген «Аполлон» миссиясындағы маңызды тұлғалардың бірі. Ол ғарышқа ұшуды өмір бойы армандап өткен адам. Алайда, денсаулығында кінәрат болып, тек ғарыш саласын игеруге көмектесетін ғылым жолын қуумен шектелді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдардың бас кезінде АҚШ-тың геологиялық қызметі аясында астрогеология жөніндегі зерттеу бағдарламасын құрды. Міне, осы зерттеуі оған Апполон ғарышкерлерін дайындауға көмектесті. Евгений Шумейкер 1997 жылы дүние салды. 69 жасында. Австралиядаға автокөлік апатынан көз жұмды. Достары мен туыстары оның көзі тірісінде қол жеткізе алмаған арманын орындауды құп көріп, оның күлін айға аттандырады. 1998 жылдың қаңтар айының 6-ы күні НАСА-ның жасанды жер серігінің оңтүстік полюсінен мұз іздеуге аттанды. Ғарыш кемесі өзімен бірге ғалымның достары мен туыстарының өтінішін орындап, ғалымның күлін бірге ала кетті. 1999 жылдың шілде айының 31-і күні НАСА Ай бетіндегі кемені жойды. Ғалымның күлі ай бетінде кеменің жаңқаларымен бірге шашылып қалған еді.
13 сәуір 2018 ж. 2 165 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031