Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда маска тағу енді міндетті болмайды

Қырғызстанда маска тағу енді міндетті болмайды

Қырғызстанда 12 наурыздан бастап денсаулық сақтау және қоғамдық көлік мекемелерінен басқа жерлерде маска тағу міндетті болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Үкімет мәліметінше, ЖОО-да, орта арнайы оқу орындарында және басқа да жалпы білім беру ұйымдарында, сауда орталықтарында, мейрамханаларда, дәмханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, мұражайларда, спорт клубтарында, кітапханаларда оқушылар мен оқытушылар құрамына маска тағу міндеттелмейді.
Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, 12 наурыздан бастап қолданыстағы алгоритмдер мен нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу тапсырылды. Алайда денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік, муниципалды және жеке), сондай-ақ, қоғамдық жолаушылар көлігінде міндетті түрде маска тағудың маңызы туралы айтылды.
COVID-19 және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам көп жиналатын жерлерде, ірі сауда орталықтарында, базарларда маска режимін сақтау азаматтардың өз еркіне байланысты болады.
11 наурыз 2022 ж. 923 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930