Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда баланы қолдан өндіру ісі қарқынды дамуда

Қытайда баланы қолдан өндіру ісі қарқынды дамуда

Биомедициналық инженерия және технология бағытындағы Сучжоу университетінің мамандары ИИ жүйесін іске қосқан. Бұл – жасанды жатырда эмбриондарды өсіретін жүйе. Оның басты мақсаты – жан-жануарлардың төлдерін ғылыми мақсатта өсіру. Теориялық тұрғыда бұл тәсіл арқылы адамның баласын да өсіруге болады екен.
Ғалымдар нейрожүйенің жұмысын тышқанның балаларына сынап көрген. Институттағы жасанды жатырдың жұмысы азық сықпалары қойылып, эмбриондар салынатын бірнеше контейнерден тұрады. Бұрын бұл процесті ғалымдар өз бетінше жасайтын еді.
ИИ нейрожүйесі тәулік бойы эмбриондардың жағдайын қадағалап, түрлі жүйелер арқылы температураны, ауаның берілуін, су пен азық көлемін реттеп тұрады. Нейрожүйе қандай эмбриондар дұрыс дамымайтынын, өліп қалатынын анықтап, ақпарат беріп тұрады.
Ғалымдар болашақта мұндай нейрожүйелер адам баласын өсіру мақсатында қолданылатынына шүбә келтірмейді. Бірақ дәл қазір мұндай ғылыми тәжірибелерді жүзеге асыруға заңмен шектеу қойылған.
Ғалымдар жасанды жатыр жұмысын өте жоғары деңгейге жеткізіп отыр. 2019 жылы бейжіңдік ғалымдар маймылдың жұмыртқа жасушаларынан аналық жатырдан тысқары ортада ішкі органдарының қалыптасу деңгейіне дейін жеткізген. Ал израильдік ғалымдар тышқанның ұрығын шыны ыдыста өсірген.
Зерттеу авторлары жасанды жатырды ғылым жетістігі деп санайды. Сонымен қатар, адамдарды осылай өсіру демографиялық проблемалары бар мемлекеттер үшін өте пайдалы деп есептейді.
17 ақпан 2022 ж. 876 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031