Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда көшеде маска тағу режимі алып тасталды

Италияда көшеде маска тағу режимі алып тасталды

Италияда жұма, 11 ақпаннан бастап көшеде маска тағу ережесі жойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Масканы барлық қоғамдық орындарда кию ережесі 2021 жылдың желтоқсанында елде коронавирустың омикрон штамының өршуі басталғанда енгізілген болатын.
Енді 11 ақпаннан бастап қорғаныс маскаларын тек адам көп жиналатын жабық орындарда кию талап етіледі. Жаңа ереже 31 наурызға дейін күшінде болады.
Бұл Италия үкіметінің коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдетуге бағытталған алғашқы қадамы.
Айта кетейік, Италияда халықтың 80 пайызға жуығы толығымен вакцинацияланған. Соңғы апталарда вирус жұқтырғандар саны мен ауруханаға жатқызулар деңгейі азайып келеді, бірақ өлім-жітім саны жоғары.
Сондай-ақ, елде 1 ақпаннан бастап 50 жастан асқандар үшін COVID-ке қарсы вакцинация міндетті деген ереже шыққан болатын. Денсаулығына байланысты вакцинадан босатылғандарды қоспағанда, вакцина алмағандарға бір реттік 100 еуро (48 680 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
09 ақпан 2022 ж. 592 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30