Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Корея азаматы «Кальмар ойыны» сериалын таратқаны үшін өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея азаматы «Кальмар ойыны» сериалын таратқаны үшін өлім жазасына кесілді

Солтүстік Кореяда «Кальмар ойыны» сериалының көшірмесін елге заңсыз әкелген контрабандашы өлім жазасына кесілді. Ол Netflix сериясының эпизодтары бар флэш-дискілерді сатқан. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі Radio Free Asia-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам жоғары сыныптағы жеті оқушыға сериалды сатып үлгерген көрінеді. Олар сериалдың көшірмесін сатқан контрабандашыны нұсқаған. Флешканы сатып алған мектеп оқушысы өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілсе, қалғандары бес жылға сотталған.
«Кальмар ойыны» сериясы үшін үкім шығару сол елде қаңтарда қаблыданған «Ой мен мәдениеттің реакциясын жою туралы» заң қабылданғаннан кейінгі алғашқы жағдай. Заң бойынша капиталистік елдерден — Оңтүстік Корея мен АҚШ-тан фильмдер мен кітаптарды таратқаны, көргені немесе сақтағаны үшін ату жазасы қарастырылған.
Мектеп оқушыларын ұстағаннан кейін жергілікті базарларда тінту жүргізіліп, тыйым салынған мазмұны бар басқа флэш-дискілер, SD карталары немесе дискеталар ізделді. Билік бұл істі аяғына дейін жеткізуге және сериалдың елге әкеліну тізбегін ашуға тырысады. Сондай-ақ, олар контрабандашының коронавирустың кесірінен жабық шекаралар арқылы елге қалай кіріп, шыққанын анықтауы керек.
Қазан айында КХДР үкіметі «Кальмар ойынын» сынға алып, сериал Оңтүстік Кореяның капиталистік қоғамындағы зұлымдықтың мысалы екенін атап өтті. Arirang Meari үгіт-насихат сайтында ол «Оңтүстік Кореяның капиталистік мәдениетін өзінің ең нашар түрінде» сенімді түрде көрсеткендіктен ғана танымал болғанын атап өтті.

29 қараша 2021 ж. 896 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031