Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениеттер тоғысындағы тіршілік

Мәдениеттер тоғысындағы тіршілік

Батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын, Атлант пен Тынық мұхиттарының аралығында орналасқан Америка құрама штаттары – сан ғасырлық тарихында құрамына отыздан астам ұлтты жинаған, мәдениет пен салт-дәстүрлер тоғысының себепшісі. Көлемі жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі орынға жайғасқан мемлекеттің жер аумағы 9 миллион 363 мың шақырымды құрайды. Қазіргі таңда әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан, ел Америка Құрама Штаттары деп аталады. Әлемге әйгілі мемлекеттің ерекшелігі неде? Түрлі ұлтқа құшақ жайған қонақжай қауым босқындар еліне айналған жоқ па?

Тарихына бойласақ
Орналасуына орай Солтүстік және Оңтүстік Америка деп бөлінетін мемлекеттің солтүстік шығыс жағалауы мен Гренландия аралын алғаш рет біздің заманымыздың 900 жылдары нормандар ашқаны бізге мәлім. Ал Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылдары Христофор Колумб ашты. Италия теңізшісі Америго Веспуччи батыс жарты шарда Колумб ашқан жерлер бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтып, осылайша мемлекет соның атымен аталып кетті. Алғаш Колумб ашқанға дейін Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпасы мен эскимостардан ғана тұратын. Кейін еуропалықтардың үстемдігімен жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібі орнады. Отаршылармен бірге неше түрлі ауру енді де, одан үндістер қырғынға ұшырады. Кей тайпалары мүлдем жоғалды. Олардың орнына Африкадан әкелінген құлдар бұрынғы халықпен араласу арқылы қазіргі америкалықтарды қалыптастырған. Яғни, антропологиялық жағынан адамзаттың белгілі үш нәсілі еуропеоид, монголоид, негроид араласты. Қазіргі таңда саны жағынан ең көбі – еуропеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90 процентін құрауда. Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэла, Парагвай халықтарынан құралған будан екінші орында. Мұндағы халықтың басым көпшілігі индоевропа тілдерінде сөйлейді. Нақтырақ айтсақ, ағылшын, испан, португал тілі басымдыққа ие.

Алып елдің алып қаласы
АҚШ-тағы ең үлкен әрі танымал қала – Нью-Йорк. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын Нью-Йоркке шамамен 47 миллион турист келеді. Қалаға келгендердің көзайымы, ұлттық ескерткіш Бостандық мүсіні 1886 жылы елде Азамат соғысы аяқталып, құлдықтың жойылғанын жариялау үшін қойылған. Биіктігі 46 метр бұл ескерткішті тамашалау үшін жылына миллиондаған адам жиналады. Тіпті, туынды АҚШ иммиграциясының нышанына айналды, мүсіннің етегіндегі мемориалдық тақтада Эмма Лазарустың «Жаңа Колоссус» өлеңі жазылған: «Мейлі мені алысқа жіберіңіз, үйсіз қалдырыңыз, бәрібір, адамдарға жарық беремін!». Бостандық мүсінінің тәжіндегі жеті сәуле 7 құрлықты аңғартады. Олардың әрқайсысының ұзындығы – 2,75 метр, ал салмағы – 68,5 келі.
Айта кету керек, Американың айнасына айналған қалада қазір 8 миллионнан астам халық тұрады. Оның тағы бір атауы – «Үлкен алма қаласы». Бұл атау 1920 жылдан ­бастап қолданысқа енген.
1930 жылы осы аттас ән мен би пайда болып, 1970 жылы ұлттық туризм бюросы дәл сол мәтінде жарнама науқанын ұйымдастырған. Нью-Йорк қаласының шарықтап дамуы XIX ғасырдан басталады. Оған дейін бұл қала соғыс, бүлік, наразылық, көші-қонды бастан кешірген. Жаңалыққұмар жұртқа таныс Уолл-стрит көшесі XIX ғасырда мүлде басқаша болған. Бұл көшеде Американың ең басты қор биржасы мен биік ғимараттар орналасқан. Себебі көшенің ені тар. Бұдан басқа «бесінші авеню», «Бродвей» сынды танымал көшелер жеткілікті. Байқағанымыздай, америкалықтар киноиндустрия мен көшелері арқылы түгелдей бір қаланы танымал етіп отыр.

Сағатына – 100 отбасы ажырасады
АҚШ туының дизайнын 1958 жылы 17 жастағы оқушы жасаған. Бұл Роберт Хефтің үй тапсырмасы болған екен. Бір қызығы, ол өз жұмысы үшін 4 алған.
Мұнда балалардың шамамен 40 проценті некесіз туылады. Бұл ең алдымен мемлекетте азаматтық некеде тұратын жұптардың саны неке қиғандармен шамалас болуымен байланысты. Өзге елдерде мәселе ретінде қаралатын азаматтық неке, қарым-қатынас жасауда америкалықтарға еркіндік берілген. Заң тұрғысынан да ешкім ешкімнің құқығын таптай алмайды.
Айта кету керек, АҚШ-та ресми мемлекеттік тіл жоқ. Ағылшын тілін заң тұрғысында мемлекеттік тіл ретінде бекіту туралы бірнеше рет ұсынылған. Себебі ол америкалықтардың 80 процентінің ана тілі болып саналады. Алайда федералдық деңгейде мұндай маңызды шешім сол күйі қабылданбаған.
Арканзас, Мэриленд, Миссисипи, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Теннесси және Техас сияқты 7 штатта атеистер мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Оған Конституция бойынша тыйым салынған.
Америкада есімі мен тегі толықтай сәйкес келетін 4 746 адам тұрады. Мәселен, Томас Томас есімді азаматтарды жиі кездестіруге болады.
Соңғы халық санағы бойынша елде 329 миллион халық тұрады. Оның ішінде біраз бөлігін түрлі ұлт өкілі құрайтынын жоғарыда атап өттік. Адам саны қаншалықты көп болса, ажырасатындар қатары да одан қалыспайды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, АҚШ-та сағат сайын шамамен 100 ерлі-зайыпты ажырасады екен.

Дайындаған Дина БӨКЕБАЙ
23 қазан 2021 ж. 804 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930