Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » SpaceX алғаш рет ғарышқа туристер отырған зымыран жіберді

SpaceX алғаш рет ғарышқа туристер отырған зымыран жіберді

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал ғаыш айлағынан ұшты, ол тарихта алғашқы рет экипажда кәсіпқой ғарышкерлер емес, қарапайым қызметкерлер отырған Crew Dragon кемесін орбитаға шығарады, - деп хабарлайды РИА Новости.
SpaceX компаниясы ұшу сәтін тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Dragon has separated from Falcon 9’s second stage pic.twitter.com/pOfgJ9LsvE

— SpaceX (@SpaceX) September 16, 2021
Канавералдағы ғарыш айлағынан зымыран ұшыруға нұсқау сәрсенбіде АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 20.03-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 06.03-те) берілді.

Тарихта алғаш рет орбитаға ғарышкерлер емес, туристерден жиналған экипаж жіберілді. Кемеде төрт адам бар - экипаж командирі және ұшуға демеушілік көрсеткен бизнесмен Джаред Исаакман, зерттеуші Сиан Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ әскери-әуе күштерінің ардагері Кристофер Семброски.

Crew send off before they make their way to Launch Complex 39A pic.twitter.com/pa5pXaAdNm

— SpaceX (@SpaceX) September 15, 2021
Кеме Жерге жақын орбитада үш күн өткізеді деп жоспарланып отыр, кейін Жерге оралады. Ұшу барысында кәсіби емес ғарышкерлер ғылыми тәжірибелер жүргізеді деп жоспарланған.

Inspiration 4 деп аталатын бұл миссия балалардың онкологиялық ауруларын емдейтін St. Jude Children's Research Hospital ауруханасына қаржы жинауға бағытталған. Экипаж мүшелерінің бірі, 29 жастағы Арсеноксқа 10 жасында сол аяқтың остеосаркомасы диагнозы қойылған. Арсенокс 12 химиотерапия алған және тізе мен жамбас бөлігін алып тастау үшін бірнеше ота жасатқан. Бүгінгі таңда Арсенокс ғарышта болған ең жас америкалық атанды, оның орны "Үміт" деп аталады. Кемедегі қалған орындардың атауы - "Көшбасшылық", "Жомарттық" және "Өркендеу".

Бұған дейін біз америкалық Orbite компаниясы аэронавтика мен бес жұлдызды қызмет көрсетуді біріктіріп, АҚШ-та алғашғы ғарыш лагерін ашуға шешім шығарғанын жазған болатынбыз.
16 қыркүйек 2021 ж. 484 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031