Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ басшысы күзде індеттің жаңа толқыны басталатынын мәлімдеді

ДДСҰ басшысы күзде індеттің жаңа толқыны басталатынын мәлімдеді

Ұйымның бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан коронавирус Үндістан үшін эндемиялық ауруға айналатынын хабарлаған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус елдерді індеттің күзде басталатын толқынына дайындалуға және тиісті шараларды жүргізуге үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйымның Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, әлемдегі жағдай тұрақталған, бірақ ауруға шалдығу мен өлім көрсеткіші өте жоғары деңгейде қалып отыр. «Келесі үш ай болашақ пандемияға дайындықты қамтамасыз ету және оған қарсы әрекет ету шараларын ұйымдастыру үшін маңызды кезең болады», – деді Гебрейюс. ДДҰ басшысы әлемде бір күнде анықталатын науқастар мен қайтыс болғандардың санына қатысты жағдай тұрақталғанын атап өтті. «Бірақ бұл тұрақтылық өте нашар деңгейде: вирус жұқтырудың 4,5 миллион фактісі және дерттен қаза табудың 68000 фактісі», – деп сөзін түйіндеді ол. Бұған дейін ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан коронавирус Үндістан үшін эндемиялық ауруға айналатынын хабарлаған еді. Оның айтуынша, аурудың таралуы елдің белгілі бір аймақтарына ғана тән болатын «эндемикалық» кезеңге өтті.

26 тамыз 2021 ж. 433 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930