Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады

БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады

БҰҰ жексенбі күні өзінің 120 қызметкері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін Ауғанстаннан Қазақстанға эвакуациялады.
Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы
 ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«БҰҰ 22 тамыз күні Ауғанстанның астанасынан 120 адамды Алматыға жеткізді, бұл соңғы аптадағы осындай екінші әуе рейсі. Жолаушылар қатарында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ-ның әріптестері саналатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар», - делінген хабарламада.
Өткен аптада БҰҰ-ның жүзге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға қашықтан жұмыс істеуді жалғастыру үшін жеткізілді. «Талибан» радикалды қозғалысының шешуші шабуылының алдында Ауғанстандағы БҰҰ-ның түрлі миссиясында жергілікті халық арасынан 3 мың адам және 700-ден астам шетелдік жұмыс істеген.
«Талибан» радикалды қозғалысының жауынгерлері 15 тамыз күні шайқассыз Кабулға кіріп, бірнеше сағаттың ішінде ауған астанасында толық билігін орнатты.
23 тамыз 2021 ж. 279 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 84

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 56

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 91

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031