Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Covid жылдам тарап жатқан "қауіпті елдер" қатарында Қазақстан да бар

Covid жылдам тарап жатқан "қауіпті елдер" қатарында Қазақстан да бар

АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы (CDC) коронавирус жылдам тарап жатқан "қауіпті елдер" тізімін жаңартты. Орталық америкалықтарға Грекия, Ирландия, Иранға бармауға кеңес берді. Вирустың таралуы бойынша "төртінші деңгейдегі елдер қатарына" сонымен бірге Ливия, Қазақстан, Андорра, Мальта, Лесото да енген.

АҚШ мемлекеттік департаменті де 2 тамызда соған ұқсас ескерту хабарлама жариялады.
Маусым айында CDC 110-нан астам мемлекетке бару ережелерін жұмсартқан еді, бірақ көп ұзамай коронавирустың өршуіне байланысты ескертуді жаңартуға мәжбүр болып отыр.
Ересектердің 70 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алуы тиіс деген президент Джо Байденнің тапсырмасы бір айға кешігіп орындалды. Бірақ соған қарамастан елде вирустың беті қайтқан жоқ.

Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі Джефф Зинтс 2 тамызда ауруханаға түскендер артып барады, күніне 300-ден астам адам қайтыс болып жатыр деп мәлімдеді.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індет басталғалы бері АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 35 млн-нан асқан. 613 мың адам қайтыс болған.
03 тамыз 2021 ж. 511 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 79

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 79

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031