Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Netflix актерлерді вакцина алуға міндеттеді

Netflix актерлерді вакцина алуға міндеттеді

Америкалық Netflix компаниясы студиялық жобаларға түсетін актерлерге және олармен байланыста болатындарға вакцина салуды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Netflix - Голливудта коронавирустың тарауына қарсы күрес бойынша міндетті шара енгізген алғашқы студия.

Басылым мәліметінше, компанияның жаңа бұйрығы түсірілім тобының мүшелеріне де қатысты. Вакцина алған актерлерді және бүкіл топты жұмысқа қайтару туралы хаттамалар өткен аптада Голливуд кәсіподақтарымен және ірі киностудиялармен келісілген.

Netflix-тің міндетті вакцинация енгізу туралы шешімі COVID-19-дың төртінші толқынымен, АҚШ-та "дельта" штамының таралуына байланысты. Джонс Хопкинс университетінің федерал және жергілікті билік органдары, сондай-ақ БАҚ және басқа да ашық ақпарат көздерінің соңғы мәліметіне сәйкес, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 34,6 миллионнан асады, 611 мыңнан аса адам коронавирустан қайтыс болған.

Айта кетейік, Netflix 1997 жылы құрылған, штаб-пәтері Лос-Гатоста, Калифорнияда орналасқан. 2013 жылдан бастап Netflix жеке фильмдерін, телешоулары мен телебағдарламаларын шығарумен айналысады.
29 шілде 2021 ж. 468 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 11

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31