Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Румынияда Құрманғазының бюсті орнатылатын болды

Румынияда Құрманғазының бюсті орнатылатын болды

Румыния Парламенті Сенатының Төрайымы Анка Драгумен Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемовты қабылдады. Тараптар екіжақты байланыстардың жай-күйі мен келешегін талқылап, парламентаралық байланыстардың даму деңгейінің жоғары екендігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


А. Драгу Елшіліктің бастамаларын толық қолдайтынын және оларды жүзеге асыруға, сондай-ақ екіжақты форматтағы, әсіресе сауда-экономикалық саладағы басқа да жобаларға қатысуға қызығушылық білдірді. Ол Қазақстан тарапына Румынияның ұлы ақыны Михай Эминескудің жақын арада Нұр-Сұлтанда ашылуы жоспарланған бюстін орнату туралы шешімі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Сенат төрайымы бұл маңызды мәдени оқиғаны еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бухарестте «Қазақстан» скверінің ашылуымен бірге екі халық арасындағы достықтың жарқын көрінісі ретінде қарастыратынын айтты.

Тараптар сондай-ақ Румынияда қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының және Қазақстанда ұлы румын композиторы Джордже Энескудің бюстін ашуға арналған іс-шараларды талқылады.

23 шілде 2021 ж. 511 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31