Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Етікке ұқсас ел

Етікке ұқсас ел

Бүгінге дейін «Қазалы» газеті қалың оқырманды әлемнің алпауыт елдерімен ­таныстырып келді. Арнайы «Ғажайып ғалам» айдарын ашып, бүгінге дейін жиырмаға жуық мемлекеттің тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен ерекшеліктерін көпшілікке ұсындық. Әсілінде мұны сүйіп оқып, әр санынан іздеп отыратындар да бар екен. Ризашылығын білдіріп, жалғасып тұруын өтінді. Ендеше тағы бір алпауыт елге сапар шегейік. Ол дүниежүзілік карта бетінен етік сұлбасына ұқсас – Италия.

Еуропаның оңтүстігінде орналасқан алпауыт мемлекеттің астанасы – Рим қаласы. 60 миллионнан аса халқы бар. Өзінің бастауын Рим өркениетінен алған ел 1946 жылдан бері тәуелсіз болып келеді. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (1946 жылдың 2 маусымы). Қазіргі президенті Серджио Маттарелла.
Италия адамзаттың дамуына үлкен әсерін тигізген және бір кездері қуатты империяның бөлігі болған ел екендігіне күмән жоқ. Ал қазір ол Еуропаның мәдени және тарихи ошағына айналды. Бұл мемлекетті зерттеу барысында көптеген таңғажайып дерекке қанықтық. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.
Бұл өлке – саяхатсүйер қауымның ойланбастан сапарлататын ең таңдаулы жердің бірі. Бірнеше ғасырдан бері әлем жұртшылығын таңғалдырудан, сүйсіндіруден жалықпауда. Ондағы ежелден қалған мәдени қалдықтарға, ешкімге ұқсамайтын заманауи ғұрыпқа, тұнып тұрған тарихқа, археология мен салт-дәстүріне сүйсінбеу әсте мүмкін емес. Италия туралы айтылар ақпараттар бір сөре кітаптан да көп десек, артық емес.
Құрметті оқырман, егер әлемнің бұл алпауыт еліне сапарға шықсаңыз мынаны міндетті түрде біліңіз. Ол – Италияның мақтанышына айнаған үш түс. Неге десеңіз, олардың туындағы жасыл түс – үмітті, ақ – сенімді, қызыл – махабатты білдіреді.
Тарих тереңіне үңілсек, талай соқпақтың әсерінен бұл мемлекеттің халқы өз тілінен басқа каталон, француз, хорват, грек және албан тілдерінде сөйлейді. Жұртшылықтың басым бөлігі католиктер болғанымен, басқа дін өкілдері де жетерлік.
Барған болсаңыз, атақты Колизейді, Пизандық Мұнараны, Әулие Марктің Шіркеуін, Венециядағы Әулие Марк Шіркеуіндегі қоңыраулы мұнараны, Флоренциядағы Уффици галереясын, Ла-Скала театрын, Сициялиядағы ғибадатханалар алқабын, Амальфи мен оның жағалауын, Ватиканды, Римдік форумды, Венцияның Гранд каналдарын, Аоста жазығына соға кетіңіз, өкінбейсіз!
Әсіресе әлемнің романтикалық қаласы Венециядағы бір ескекті қайыққа отырып қайтпасаңыз бұл өте өкініште болар еді. Білесіз бе, сол ескекті қайықтағы жастар әрбір көпірдің астында бірін-бірі сүйетін болса, мәңгілік бақытты болып, керемет күн кешеді деген сенім бар екен.
Италияның көрікті жері мен қызықты деректері мұнымен бітпейді. Италиядағы адамның барлығы кешігіп жүреді. Тіпті ең маңызды деген кездесудің өзіне жарты сағат кешігіп келу қалыпты жағдай. Бұл мәселе ондағы көпшілікті таңғалдырмайды. Және көптеген тұрғын бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанның өзінде жолды батыл түрде кесіп өте алады. Мұндайда жүргізушілер жай ғана тоқтап, жол береді.
Олар макаронды, жеміс-жидек пен көкөністерді көп жейді. Оған дәлел бір италиялықтың өзі жылына 25 келі макарон өнімін тұтынуында. Ал статистика 90 процент халықтың күніне бір рет болсын макарон өнімін, күрішті, нанды пайдаланатындығын көрсетіп отыр. Мұнан өзге 85 процент жұртшылық күн сайын жеміс-жидек жейді.
Онда түскі асқа тәтті жеуге немесе сүт коктейлін ішуге тыйым салынған. Тек қана түскі ас кезінде немесе кешкі ас мәзірінде тойып тамақтана аласыз. Басқа уақытта дәмханалар жұмыс істемейді.
Италиялықтар білімге құштар халық. Әдетте олар отыз жасқа дейін университетте оқиды. Сондай-ақ көпшілігі 30-35 жастан ерте үйленбейді. Тіпті оған дейін ата-аналарымен бірге тұра береді. Сонымен қатар бұл жақта басқа елдерге қарағанда полиция қызметкерлері әлдеқайда көп. Мәселен, 100 мың адамға 571 полиция қызметкері келеді. Бұл жағынан Италияны Ұлыбритания ғана басып оза алады.
Мұнда почта-кеңселер өте көп. Себебі халық почта қызметін жақсы пайдаланып, сол арқылы саспастан қомақты ақша жіберіп, күтіп, сақтайды.
Онда тұрғындар ағаш жалюздарды қолданады. Сондықтан терезелер күні бойы толықтай жабық тұратындықтан бөлме қараңғы әрі салқын болады.
Бір қызығы, олар қатты еңбектенгенді ұнатпайды екен. Егер бұл олқылығын бетіне бассаңыз, ренжітіп аласыз. Ондағы ата-ана балаларына қалауынша ойнауға еркіндік беріп қойған. Ал оның қаншалықты тереңдеп кететіні үйдегі ата-ананың махаббаты мен тәрбиесіне байланысты. Италияндықтар қолы қалт етсе музыка мен театрға барғанды жаны сүйеді. Олар біздегідей күн сайын немесе ай сайын билет іздемей-ақ, бір жылға жоспарлап, алып қояды.
Сіз ондағы халықпен тілдесе қалсаңыз, бастапқыда дөрекі сөйлеп тұр деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ өздерінің сөйлеу мәнері солай. Оның үстіне бір-бірімен ұрыспай, , тіпті айқайласпайды. Олар көбіне қара түсті киім киеді. Шырын ішпейді. Сондықтан болар дүкендерінен шырын табу қиын. Есесіне жай ғана су, шарап, сыраны жақсы көреді.
Әлемдік өнердің 60 процент жауһары Италияда орналасқан. Оған қоса пианиноның, термометрдің, операның, пиццаның, конус пішінді балмұздақтың отаны екені тағы бар.
Жылына 40 миллион турист ағылатын Италия туризм саласы бойынша әлемде төртінші орында. Аумағында Сан-Марино және Ватикан деген екі кішкентай мемлекет орналасқан. Жұртшылықтың орташа өмір сүру жасы – 79,5. Сонымен қатар онда Везувий, Этна, Стромблий деп аталатын үш белсенді жанартау бар. Қойын дәптеріңізге түртіп алыңыз, Еуропадағы ең тұңғыш Болондық университет 1088 жылы Италия жерінде тұрғызылғанын бірі білсе, бірі білмейді. Енді олардың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарына тоқталайық.
Мың жылдар бойы Италия жерінде әртүрлі халық өмір сүрді. Соның арқасында қазіргі заманғы Италияның әдет-ғұрпына отбасылық, діни, мерекелер олардың өмір ағымына ықпал етті. Кейбір әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қызықты болып көрінуі мүмкін.
Жаңа жыл Италияда басқа елдердегідей дәстүрлі түрде өтеді. Көшелерінде шулы халық фестивалі болады. Бірақ тұрғындар жаңа жылды тойламай тұрып өз салт-дәстүрін жасап алады. Бұлар терезеден қажет емес заттарды лақтыру және жаңа жыл қарсаңында ыдыс-аяқты ұрып-соғу дәстүрі. Бұл іс-әрекет жыл бойы жиналған барлық шағым мен теріс энергиядан құтылуға көмектеседі-мыс.
Олардың мерекелік үстелде жасымықтан жасалған тағам болуы керек. Егер сол тағамдар болса алдағы жыл өте табысты болады. Кейбір өңірлерде келер жылдың 12 айын бейнелейтін он екі жүзім шырынынан тамақ ішу міндетті деп есептеп, ол сәттілік әкеледі деп сенеді. Сондай-ақ Римде алдағы жылдарда бақытты болу үшін жаңа жыл қарсаңында Тибр көпірінен секіру керек. Сосын Неапольде шулы және ұзаққа созылатын отшашуларды көп ұйымдастырады.
Пицца елінің халқы өз балаларының табыстары туралы сұрағанды ұнатпайды. Олар осы тақырыпты тек қана жақындарымен ғана бөліседі. Өздерінің ырымдары бойынша балаларымен мақтануға және олар туралы жаман айтуға да болмайды.
Әдет-ғұрыптары бойынша мамыр айында некеге тұрмауға тырысады. Өйткені осы айда бір сәтсіз күн бар. Бірақ оның қай күн екенін ешкім білмейді. Жұма күні некеге тұруды құп көрмейді. Есесіне дүйсенбі және сейсенбі үйлену үшін ең сәтті күн деп санайды. Бала отбасында пайда болу үшін, күйеу жігіт үйлену тойының соңында бидай өсіруі керек. Ал келін мен енесі ұрыспауы үшін енесі жаңа келінге зәйтүн бұтағын береді.
Сіз бен біз білетін келіннің үйленбеген достарына гүл шоғын лақтыру осы елден шыққан. Бастапқыда гүл шоғыры апельсин ағашының гүлдерінен тұрған, ол қуаныш пен жайлылықты білдіретін ырымға айналған. Сол арқылы тез тұрмысқа шығады деген сенім қалыптасқан.
Іс жүзінде барлық итальяндықтар тұратын жеріне қарамастан, этикет ережелерімен жақсы таныс. Бұл үстелде өзін ұқыпты ұстау, дұрыс киім кию және тағы басқа жағдайда кездеседі. Үлкендерге құрметпен қарап, ханымдардың алдында джентельмен болып шыға келеді. Адамдармен танысу барысында міндетті түрде әңгімені аты-жөніңіз бен мамандығыңыздан бастау қажет.
Айтпақшы, «Italos» сөзін грек тілінен аударғанда «торпақ» немесе «бұзау» деген мағынаны білдіреді.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
06 ақпан 2021 ж. 3 083 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930