Алпауыт Англия
«Қазалы» газеті қалың оқырманды әлемнің алпауыт елдерімен таныстырудан жалыққан емес. Бүгінге дейін оннан аса мемлекеттің тұрмыс-тіршілігімен бірге, салт-дәстүрі мен ерекшеліктерін оқырман назарына ұсынып келеді. Әсілінде мұны сүйіп оқып, әр санынан іздеп отыратын оқырмандар да бар екен. Тіпті ризашылығын білдіріп, жалғасып тұруын да сұрады. Ендеше ізін суытпай тағы бір алпауыт елге сапар шегелік. Ол – Англия.
Ұлыбритания әлемдегі ең көне әрі дамыған корольдіктің бірі. Дүние жүзіне маңызды тарихи оқиғалар да дәл осы Ұлыбритания жерінде орын алған.
Англия – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының ең ірі және әкімшілік орны. Яғни Ұлыбритания аралында орналасқан. Халқының 83 проценті Англияда тұрады.
Тарихына үңілсек, 927 жылы Англия бірнеше жергілікті графстволардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Өз атауын V-VI ғасырда құрылған «англ» деген герман тайпасынан алды. Ал астанасы Лондон Еуроодақтағы ең үлкен қала.
Бұл мемлекет көптеген жаһанды дүниелердің шыққан жері екенін жасыра алмаймыз. Оған ағылшын тілі, Англикан шіркеуі және Парламент негіздері кіреді. Одан бөлек «Өндірістік революциясының» отаны болып саналатыны тағы бар.
Қазекең үшін жылқы – малдың төресі. Тіпті ертеден оны құрмет тұтып, тазалығы үшін жақсы көреді. Міне, осы бір қазаққа киелі жылқы етін Англия тағамдарына қосуға тыйым салған. Неге?
2013 жылы елде сиыр етінің орнына жылқы еті қосылған гамбургер сатылғанда үлкен шу шыққан болатын. Бүкіл халық ол етті тұтынуға қарсылық көрсетіп, наразылық білдірді. Осыдан соң мұны реттеу үшін әр ат, пони, қашыр және зебрада жарамдылық мерзімі өтпеген төлқұжаты болуы тиіс болды. Сол арқылы жануар иелері оларға қамқорлық көрсетуі қажет. Осылайша британдық заңнама азаматтары тұтынатын азық-түліктерді олардың мәдени дәстүріне жатпайтын элементтермен қорғайды.
Құлдық туралы сөз қозғалғанда ойыңызға алдымен не оралады? Рас, бірінші кезекті АҚШ-ты еске аламыз. Ал осы турасында Ұлыбританияға айып тағатындар аз. Дегенмен XIX ғасырда мұнда және барлық колонияларда құлдық жойылғанына қарамастан, құл ұстау 2010 жылдың 6 сәуіріне дейін британдық заң бойынша қылмыс деп есептелмеген. Бертін келе бұл да күшін жойған.
Ұлыбритания теледидар, ғаламтор және әйелдердің қысқа белдемшесін ойлап тапты. Бірақ одан бөлек басқа да даулы өнертабыстар болды. Мысалы, олар екінші ағылшын-бур соғысы кезінде «тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерлерді» пайдаланған. Әдетте бұны тек ұлтшылдар ғана қолданған.
Соғыс кезінде оппозицияны басуға тырысқан генерал Кинчер өз тарапынан Бур партизанының командаларын барлық мүмкіндіктен айыру үшін өзіне қарсы күрескен барлық отбасыларды бір жерге жинап ұстайтын лагерлерге орналастыру туралы шешім шығарды. Бұл негізсіз қатыгездік Британ империясының сол жерде жасаған озбырлығының бір бөлігі ғана.
2015 жылы Британ парламенті үш ата-ананың ДНҚ үлгілері арқылы балалы болуға рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Бір жағынан бұл жасанды ұрықтандыру әдісін заңдастырған бірінші ел. Осы әдіс анадан балаға берілетін белгілі бір генетикалық аурудың дамуына жол бермейді. Үкімет бұған қатысты болған наразылық акцияларына қарамастан, заңды бекітіп, оны технологияны дамыту жолындағы маңызды қадам деп бағалады.
Білесіз бе, ұлу ондағы кедейлердің азығы болған. Бұл XIX ғасырдың басында орын алған жағдай. Британия тарихында кедейлер ұлудың жеуге болатын түрімен қоректенген. Атақты ағылшын жазушысы Чарльз Диккенс: «Кедейлік пен ұлулар әрдайым қол ұстасып жүреді», – деп жазған болатын. Бірақ ХХ ғасырда күрт өзгеріс орын алды. Жағдайы нашарларға азық болған ұлу уақыт өте жоғалып, «кедейлердің еті» мейрамхананың жеңсік асына айналды.
Есте болса, мұнда 2011 жылы бүкіл елді таңғалдыратын зерттеу жүргізілді. Ол қоғамдық орындарда орналасқан балаларға арналған үстелдерді тексерген он жағдайдың тоғызында кокаин іздері табылғаны туралы болатын. Осындай оқиғаларды анықтау үшін сауда орталықтары мен шіркеулерде, тіпті полиция учаскелерінде тексеру жүргізілді. Алайда бұл жағдай таңқаларлықтай емес-ті. Өйткені Ұлыбританияны көпшілік «Еуропаның кокаиндік астанасы» деп атап кеткелі қашан?!
Англия мен Шотландия елінің тарихын оқыған жан олардың өткен өмірі жақсы болмағанын біледі. Дегенмен қазір олардың қарым-қатынасы біршама жақсарды деп айтуға болады. Сонымен қатар шотландықтар мен британдықтар бір-бірін соққыға жығып, өлтіріп жатыр дегенді де ести бермейміз. Ең ауыры тек футболдан жеңіліп қалған жағдайларда ғана, арты төбелеске ұласады. Алайда жақында Нью-Йорк қаласында әлі күнге дейін ескі заң қолданылып келгені анықталды. Ол қолында садақ пен жебе ұстап жүрген кез келген шотландықты өлтіруге мүмкіндік береді.
Ұлыбритания туралы қызықты деректер мұнымен бітпейді. Мысалы, аяқ киімге арналған бау мұнда 1790 жылы ойлап табылды. Ал футбол, ат спорты, регби сияқты спорт түрлері Англиядан бастау алады. Сондай-ақ ең алғашқы теміржол Ұлыбританияда салынған.
Байқасаңыз бұл елдің тек өткен тарихы мен санаулы ерекшеліктерін сөз етіп отырмыз. Мұнан басқа олардың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары туралы ұзақ әңгіме айтуға болады.
Мәселен, олар да өзге ұлт секілді әдет-ғұрыптарына мұқият қарайды. Өйткені жеке басын сақтап, ата-бабасын құрметтеуге тырысады.
Бір ғасырдан астам уақыттан бері британдық тұрғындардың сипаты толық сақталды. Әсілінде олар өте сыпайы, бірақ көбіне тұйық және байсалды келеді. Ақырын сөйлегенді ұнатады. Екеуара сөйлескенде жеке бастың тақырыбын көп қозғамайды. Олардың басты қасиеті – өзін-өзі ұстауы мен қара юморы.
Британдықтар салт-дәстүрді қатты ұстанғаны соншалық басқа елдердің шамамен 70 проценті оң жақпен жүрсе, олар 1756 жылдан бастап сол жақ қозғалысты қолданып келеді.
Қазақ «бестің шайын» ішпесе басы ауыратыны бесенеден белгілі. Бұл Ұлыбританияда да бар. Нақтыласақ, бестің шайы XVII ғасырдан бері құрмет және салтанатты түрде өткізілетін дәстүрге айналған. Олар таңертең немесе түскі ас кезінде көбінесе қытай шайын ішкенді ұнатады. Қызығы сол, сүт немесе кілегейсіз шай ішпейді.
Ұлыбритания тұрғындары мерекелерді асыға күтеді. Ондағы ең маңыздысы – ол Рождество. Бұл мейрамда кешкі асты отбасы немесе достарымен өткізгенді дұрыс көреді. Мұнан бөлек Тұманды Альбионда жаңа жыл мерекесі, Әулие Валентин, Пасха, Әулие Патрик, Хэллоуин және Королеваның туған күні сынды мерекелерді ерекше атап өтеді. Мейрамдарда фестиваль мен спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Мына бір қызықты қараңыз. Британияның ең ерекше дәстүрі түскі асқа дейін үстіңдегі киімді ауыстыру керек. Бұл ежелгі ғұрып. Бірақ бүгінгі күні біраз бәсеңдеп кеткен.
Біріккен Корольдіктің таңғажайып фактілерінің бірі – өткен ғасырларда пайда болған киім-кешектерді кию. Мысалы, беделді Кембриджде және Оксфордта оқитын студенттер XVII ғасырдың мантиясын киіп жүреді. Мұнара сарайының күзетшілері Тьюдор заманынан келе жатқан сәнді киімдерді тұтынады. Сондай-ақ сот пен адвокат XVIII ғасырдың париктерін киюі қажет.
Ұлыбританияның дәстүрі мен әдет-ғұрыпына сәйкес Лондон мұнарасының аумағында XVII ғасырдан бері қарға өсіріледі. XVII ғасырда Король Чарльз II жарлығы бойынша мұнарада әрқашан алты қарға болуы керек. Тіпті осыған жауапты лауазым бекітілді. Ол – Равенсмастер немесе құсқа қамқорлық жасайтын қарақшы. Қазіргі кезде Селтик пен Скандинавия құдайларының атымен аталған 6 қара қарға өмір сүреді. Ескі ырым бойынша егер қарғалар мұнарадан ұшып кетсе, монархияның аяқталғанын білдіреді. Сондықтан олардың қанаттары кесілген.
Біле білсеңіз, метроның алғаш шыққан жері – Лондон. Ал ондағы атақты «Big Ben» мұнарадағы сағаттың атауы емес. Ол тек қоңыраудың есімі. Мұнара Әулие Стефон деп аталады.
Англияға барғандардың көпшілігі олардың тағамы әлемде сапасы ең нашар және дәмсіз екенін айтады. Тіпті бұл дәлелденген.
Ұлыбританияда тек ханшайым ғана құжатсыз жүре алады. Сонымен қатар шақырусыз қонаққа келу олар үшін жаман қылық болып саналады. Кейбір халықта «алдыңды мысық кесіп өтсе жолың болмай қалады» деген әңгіме бар. Ал британдықтар жолын мысық кескенін қалайды. Өйткені ол сәттілік пен байлықты білдіреді.
Британияда мектепте оқу ақысы статусына қарай жоғарылайды. Қымбаттаған сайын мектепте тәртіп ережелері күшейеді. Оның үстіне ондағы көшелерде қаңғыбас жануарлар кездеспейді. Себебі олар үшін арнайы үйлер ашылған.

Абзал ЖОЛТЕРЕК