Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақта ақша қолданыстан шығуы мүмкін

Болашақта ақша қолданыстан шығуы мүмкін

Швеция әлемдегі ақша айналымнан шыққан тұңғыш ел атануы мүмкін. Көп ұзамай. Аталмыш ел тұрғындары карточканы немесе қалта телефонын пайдаланады, есеп айырысқанда, төлем жасағанда, т.б. Бұл үрдіс өз кезегінде жергілікті билікті тығырыққа тіреді. Бұған қоса, осынау Еуропа еліндегі банктердің көбісі ақшамен жұмыс істеуді доғарған, соымен қатар, мейрамханалар мен мұражай да пластикалық картаны пайдалануға немесе смартфонмен төлем жасауға көшкен. Ақшаның төлем құралы болудан қалып бара жатқанының кері жағы да бар: ақша инфрақұрылымын ұстап тұру қиындай бермек. Ең алдымен қарттарға өқиын болайын деп тұр: олардың дені түсінбегендіктен цифрлы технологияның игілігін жете бағаламайды, меңгеруге талпынбайда да. Өткен жылы кәрі құрлықта орын тепкен бұл елдегі айналымдағы қолма-қол ақша 1990 жылдан бері 2007 жылдағы жоғары деңгеймен салыстырғанда барынша кеміген. Нақтырақ айтқанда, 40%-ға кеміген.
Өткен айда жарияланған Insight Intelligence-нің жыл сайынғы сауалнама нәтижесіне қарағанда, шведтердің тек бір ширегі, яғни, 25 пайызы ғана өткен жылы аптасына бір-ақ мәрте қолма-қол ақшамен төлем жасаған. Осыдан төрт жыл бұрын бұл көрсеткіш 63% болатын. Ел тұрғындарының 36%-ы ақшаны мүлдем пайдаланбайды. Аталған мемлекеттің орталық банкі ресми түрде сандық валютаны – электронды кронды (крон – шведтердің ұлттық валютасы) қолданысқа енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Швецияның бас қаржы мекемесі келесі жылдың соңында ғана өз позициясын білдіреді. Десе де электронды крон қолма-қол ақшаны толық алмастырмайды, бар-жоғы қосымша түрі ретінде пайдаланылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу Германияда да белең алып барады. Бундесбанк жүргізген зерттеу нәтижесі мен қолда бар дерегі осындай. Мәселен, өткен жылы Германиядағы қолма-қол ақшаның көмегімен жасалған транзакция 47,6%-ды құраған болатын. Ал осыдан үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 53,2% болатын. 2014 жылы карта нарығы бұл елде 33,4% болса, өткен жылы 39,4%-ға көтерілген.
Islam.kz
21 ақпан 2018 ж. 1 781 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930