Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Варикоз неден пайда болады?

Варикоз неден пайда болады?

Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Маткеримов варикоз ауруы неден пайда болатынын және оны емдеудің қандай жолдары бар екенін айтып берді деп жазады.

Ең алдымен дәрігер варикоздың қандай ауру екенін айтып берді. "Веналардың варикозды кеңеюі – түйін тәрізді шумақтардың ұзаруы, сондай-ақ қатпарлардың пайда болуы арқылы жүретін патологиялық өзгеріс. Бұл өзгерістің салдарынан қақпақшаларда ақаулар орын алып, қан ағымы бұзылады. Варикоз – қан тамырларының кең таралған ауруы", - дейді маман. Сонымен қатар Маткеримов варикоздың пайда болу алты себебіне тоқталды. "Варикоздың пайда болу себептеріне біріншіден вена қақпақшасының ақауы жатады. Адам жасының ұлғаюына байланысты қан тамырларының қабырғалары жұқарып, иілгіштігі жоғалады. Екіншіден венадағы жарақаттар. Көп жағдайда ақаулар жарақаттардың немесе ұйыған қанның, кейде асқынудың әсерінен пайда болады. Үшіншіден генетика. Төртіншіден гормондар. Бесіншіден жүктілік. Алтыншыдан артық салмақ", - дейді ол. Дәрігердің айтуынша, варикоздың негізгі белгілеріне аяқтың қышуы, ауыруы және ісінуі жатады. Маткеримовтың сөзінше, варикозды УДЗ диагностика және физикалық қарап-тексеру арқылы анықтауға болады.
Одан бөлек, маман варикозды емдеудің бірнеше түрлерін атап өтті. "Біріншісі - операциялық емес, яғни компрессиялық шұлықтарды кию. Екіншісі - терапевтикалық ем, яғни венотоникалық дәрілер. Үшіншісі - инвазивтік емес тәсілдер. Оларға лазерлік емдеу, венаішілік лазерлік коагуляция, абляция, радиожиіліктік абляция, флебэктомия және минифлектомия, кроссэктомия, веноэкстракция жатады", - дейді Асқар Маткеримов.
30 сәуір 2020 ж. 1 881 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031