Гүл арқылы да әйелді тануға болады (тест)

ҚЫЗҒАЛДАҚ Олар: еркін; оптимист; табиғатты, жан-жануарларды жақсы көреді; қанағатшыл; өміршең; қарапайым; турашыл, бірбеткейлігі басым; кез келген тақырыпта айтары бар; салқынқанды; кішкентай нәрселерге де қуана біледі; эгоистігі де жоқ емес.
ЛИЛИЯ Лилия гүлін ұнататын әйелдер - айналасындағы адамдардың мотиваторы. Олар: үнемі позитивті; қылықты, өте тартымды; ашық мінезді; кез келгеннің назарын өзіне аудара алады; саяхатты, бір-біріне ұқсамайтын күндерді ұнатады; өзін-өзі жоғары бағалайды; жұрттың сөзі, пікірі қызықтырмайды; қуаты мол; ортасының ханшайымы; шығармашылыққа бейім; адамдық қасиеттерден гөрі қымбат, сапалы дүниелерді жоғары қояды; жалқау; тым арманшыл; өзімбілерлікке көп салынады; ақыл айтқыш; тәкаппар.
ОРХИДЕЯ Бұл гүлді интеллекті жоғары әйелдер ұнатады. Олар: талғамы биік; шаш үлгісі, киім стилі жөнінде жақсы кеңесші; оратор, көп сөйлеуден шаршамайды; сыр жасыра алмайды; шынайы, жасандылыққа жаны қас; мінезі қырсықтау; еркелігі басым; шығармашылықпен айналысса қанаттанады; үнемі өзін-өзі іздеумен жүреді; жаны жараланғыш; күйзеліске тез түседі; мейірімді; креативті идеяға бай; әдемілікті, әсемдікті жаны сүйеді.
БӨРТЕГҮЛ (СИРЕНЬ) Бөртегүлді жақсы көретін әйелдерден ақылды ана, жақсы жар, инабатты келін шығады. Олар: сезімін сыртқа шығара бермейді; ашуын ауыздықтап ұстайды; өте сезімтал. тыныштықты жақсы көреді; жан-дүниесі бай; ибалы; көнбіс; төзімді; қиындықтан қорықпайды; ақпейілді; жаны нәзік, бірақ болмашыға бордай езілмейді; сабырлы; өзіне қатысы жоқ іске, өзгенің жеке өміріне араласпайды.
ТҮЙМЕДАҚ Түймедақ – өзіне сенімді, қайсар мінезді, бір сөзді әйелдер ұнататын гүл. Олар: көздегеніне дәл тигізетін мерген; көреген, адам таниды; алыстағы мақсатын анық көреді; сезімде сергек, иллюзияға алданбайды; қай еркектің пиығылы басқа, кімнің көңілі таза екенін көздерінен аңғаратын байқампаз; махаббатқа адал, жан-тәнімен беріле сүйеді; табанды; намысшыл; еңбекқор; өзгені киіміне емес, бойындағы адами қасиеттеріне қарап бағалайды; өзгелерден кең ой-өрісімен, терең түсінімен ерекшеленеді.
РОЗА. Роза гүлі – махаббат символы. Бұл барлық адамды сүйе білетін, сүйіспеншілікті тарата білетін әйелдердің сүйікті гүлі. Олар: белсенді; батыл; жүйкесі өте мықты; өткенге өкініп, болашақтан қорқып отырмайды, осы шақта өмір сүреді; ерік-жігері күшті дамыған; өзгенің шекарасына баса көктеп кірмейді де, өз әлеміне де кез келгенді кіргізе бермейді; қарым-қатынаста салқындау; білімді, ақыл-ойы жоғары; жұмбақ жан - сырын да, жоспарларын да құпия ұстайды; мақсатшыл; кез келген адамның көзқарасын әп-сәтте өзгертіп, өз ой-пікірін мақұлдата алады.
ernur.kz