Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Классикалық әдебиет ми жұмысын жақсартады

Классикалық әдебиет ми жұмысын жақсартады

Кітап оқу қашан да пайдалы. Білімің толысып, сөздік қорың артады. Тіпті ми жұмысын да жақсартады. Жуырда арнайы зерттеу жүргізген британ ғалымдары осындай тұжырым жасады.
Бір көркем туындыны немесе кітапты толық оқып шыққандағы сезім бір ғаламат. Оны шын қызығып, шын беріле оқыған жан сезіне біледі. Жан-дүниең жадырап, ішкі әлемің жарқырай түседі.
Ливерпуль университетіндегі мамандар жүргізген зерттеу бойынша миға адамды жігерлендіретін психологиялық кітаптан гөрі классикалық әдебиет жауһары пайдалы. Сондай-ақ олар өз-өзіңді дамытуға арналған кітап білім қоры болғанмен адам миындағы мұңды ойды сейілтпейтінін айтады. Ал классикалық әдебиет болса оқырман қиялын шыңдайды. Туындыны оқи отырып түрлі эмоциялық күй кешеді. Мұның барлығы миға пайдалы, әрі адам өзін еркін сезіне түседі.
Британдық дәрігерлер де күйзеліске түскен, созылмалы дертке шалдыққан жандарға классикалық шығармалар оқуды ұсынады. Олар ұсынатын жазушылар қатарында Лев Толстой, Джейн Остин, Федор Достоевский, Чарльз Диккенс және өзге де авторлардың туындылары бар.
Классикалық әдебиет пайдасын зерттеушілердің бірі – профессор Филипп Дэвис. Ол кітаптың миға пайдасы зор екенін, оның ішінде классикалық шығармалар оқуға зер салуды атап өтеді.
– Жай ғана оқи салатын туындылардан гөрі, қиындау шығармалар оқыған дұрыс. Бұл кезде ми жұмыс істейді. Шығарманы түсіну үшін оқырман оған ене түседі. Кейіпкерлермен бірге қобалжиды, эмоциясын шығарады, - дейді.
Кез ­келген жазушының, жалпы өнерпаз атаулының жазудағы асқақ арманы, барша мұраты – классикалық деңгейдегі дүние жасау. Қазақ халқының ақиық ақындары мен суреткер жазушылары жасаған көркемдік сапасы жоғары туындылар да аз емес. Классикалық деңгейдегілері қаншама?! Олай болса классикалық әдебиет оқып, білім көкжиегімізді кеңейтіп қана қоймай, миымыздың жұмысын да жақсарта түсейік.
06 наурыз 2020 ж. 1 238 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 55

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 49

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930