Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Дубайдағы EXPO-да салынатын Қазақстан павильонын көрді

Тоқаев Дубайдағы EXPO-да салынатын Қазақстан павильонын көрді

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дубайдағы «EXPO-2020» халықаралық көрмесінде салынатын Қазақстан павильоны таныстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Жаһандық іс-шара 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Ақыл-ойды ұштастыру – болашақты қалыптастыру» деген тақырыппен өтеді.
«EXPO-2020» көрмесін дамыту жөніндегі басқарушы директор Ахмед әл-Хатибтің айтуынша, көрмеге 20 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.  
Қазақстан павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің негізгі павильонына жақын жердегі «Мүмкіндіктер» деп аталатын кластерде орналасады. Ұлттық экспозиция бірнеше бөліктерге бөлінген.
Онда өңіріміздің әлемде алатын орны, еліміздің туристік әлеуеті, тарихы, мәдениеті және астанасы туралы ақпарат беріледі.
Сонымен қатар көрмеге келушілер Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде мәлімет ала алады. Интерактивті шоудың соңында павильон қонақтарына жасанды интеллектінің адамзат болашағына әсері туралы айтылады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абу Даби қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітіне барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және алғашқы президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым еткені туралы жазған едік.
29 қаңтар 2020 ж. 745 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031