Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр әйел білуі керек кеңестер

Әр әйел білуі керек кеңестер

Әдетте көпшілік «Әйел затына не керек?» деген сұрақ төңірегінде ғана ойланып, бұл жарық әлемде еркектердің де бар екенін естен шығарып алып жатады. Еркектердің де түрлі қалауы мен жанына жақын өз «әлемі» бар. Ал сол әлемнің қыр-сырын түсінген әйел заты ғана ерін жақын біле түспек. Ендеше, еркектердің қалауы не екеніне назар аударыңыз.
Оны аңдуды қойыңыз
Айталық, еріңізден кейін компьютердегі кірген сайттарын немесе оның ұялы телефонын ақтарудың қажеті жоқ. Сізге оғаш көрінген кез келген «жаңалық» еркектер үшін қалыпты жағдай екенін ескеріңіз.
Еркектер үшін достың орны ерекше
Сізді кездестірмей тұрғанда ол киноға да, қыдыруға да достарымен бірге баратын. Яғни достарын ол сізден жақсы таниды, әрі сізді қанша сүйсе-дағы, достарын ерекше сыйлайды. Сондықтан досы мен сіздің араңызда таңдау жасау керек болса, сіздің сырт қалуыңыз ғажап емес. Осыны ескеріңіз.
Оған адал болыңыз
Басқа еркекке көз салу ойыңызда болмасын. Бұл тек қарым-қатынастарыңызды ушықтырмаса, жақсылыққа әкелмейді. Екінші жартыңызды сол қалпында сүйіңіз, әрі бағалаңыз.
Ол басқаға мойын бұрса, уайымдамаңыз
Тіпті көрмегендей кете беріңіз. Оның бұл әрекеті жігітіңіздің сол қызды (келіншекті) сүйіп қалды не ол сізден әлдеқайда әдемірек дегенді білдірмейді. Бұл – бар болғаны еркектердің табиғатынан сондай жаратылыс екенінің айғағы. «Басқаға неге көз саласың!» деп дүрсе қойғанмен, ештеңе өзгермейді.
Оның анасы туралы жаман айтпаңыз
Енеңіз қандай адам болмасын, ол кісінің жаман жақтарын жіпке тізіп отыруыңыз жігітіңізге ұнамақ түгілі, оның жүйкесіне тиеді. Сондықтан ол тақырыпта сіз жай ғана тыңдаушы болғаныңыз жөн. Себебі жігітіңіз сіздің қандай да бір мінез-құлқыңыз немесе қылықтарыңызды өз анасына ұқсатып, сүйіп қалуы да мүмкін ғой. Оны да ескеріңіз.
Қырық жылғы өкпе-ренішті ұмытыңыз
Үй болған соң кішігірім ұрыс-керістің орын алары сөзсіз. Десе де, оларды сол уақытта-ақ ұмытқан жөн. Қырық жылғыны қазбалап, «Сен сөйткенде, мен бүйткенмен» жақсылыққа да жете алмайсыз, мәселеңізді де шеше алмайсыз. Сондықтан берік, әрі махаббатқа толы қарым-қатынас орнату үшін тек болашақпен өмір сүріңіздер.
Жауабын естігіңіз келмейтін сұрақтар қоймаңыз
Сізді кездестірмей тұрып, оның да басқа еркектерше қызға барып, әлдекімге әдемі сөздер арнағаны айтпаса да түсінікті. Сондықтан мұндай тақырыпты қозғап, жүрегіңізді жаралаудың қажеті жоқ. Оны қазіргі қалпында жақсы көріп, бағалаңыз.
Үйге кіріп, жайғасып алсын
Жігітіңіз жұмыстан шаршап келгенде тарпа бас салудың қажеті жоқ. Иә, күн ұзақ ішіңіз пысқан шығар, айтатын әңгімеңіз де көп болар. Бірақ еріңіз үйге кіріп, шай-тамағын ішіп, жайғассын. Айтар әңгімеңізді содан кейін бастауыңызға болады. Әйтпесе, жұмыстан өзі шаршап келгенде сізді тыңдауға зауқы да, шамасы да болмауы мүмкін.
Оны қызғандырмаңыз
Ол сізді кез келген еркектен қызғанады. Мейлі, ол сіздің досыңыз не әріптесіңіз болсын. Оның ойынша сіз тек жалғыз оны ғана көруіңіз керек. Сондықтан өзге еркектердің жанында сөзіңіз бен ісіңізге абай болыңыз.
Өзінің қажет екенін сезінгісі келеді
Мүмкін сіз ешкімнің көмегіне мұқтаж емес, тәуелсіз жан шығарсыз. Бұл оған ұнауы мүмкін. Десе де, ол өзінің сізге қажет екенін сезінгісі келеді. Сондықтан оған мүмкіндік беріп, ұсақ-түйек көмегінің өзіне алғысыңызды айтып, «Сен болмасаң, қайтер едім!..» дей жүруді ұмытпаңыз.
Сыр-сымбатыңызға назар аударыңыз
Жігітіңіздің ешкімге кетпейтініне, сізден басқа ешкімді қажет етпейтініне толықтай сенімді болсаңыз да, өзіңізге назар аударып, мүсініңіз бен бет-бейнеңізге үнемі күтім жасай жүруді ұмытпаңыз.
Шарт қоймаңыз
Ол ешқандай мәселені шешпейді, керісінше ара қатынастарыңызды ушықтыра түспек. Сондықтан әр нәрсені шартпен емес, махаббатпен шешуге дағдыланыңыз.
Баласы болғанын қалайды
Бұл қалыпты жағдай. Ол артында ұрпақ қалдыруға міндетті де. Сондықтан екінші жартыңыздың мұндай шешіміне қарсы шығудың қажеті жоқ.
Қызығушылықтарымен бөлісіңіз
Оның жеке қызығушылықтары: кино, спорт, түрлі ойындар немесе тағы басқасы – мұның бәрі оның әлемінің кішкентай құрамдас бөліктері. Егер сіз де оларға қызығушылық танытып, ой-пікіріңізбен бөлісіп жатсаңыз, жігітіңіз мұны өте жоғары бағаламақ.
Қалауыңызды анық айтыңыз
Еркектер жұмбақ шешуді ұнатпайды. Сондықтан қалауыңыздағыны ыммен түсіндіріп әуре болмаңыз.
Шаш кескенде...
Еркектердің көпшілігі тым қысқа шашты қыздарды ұната бермейді. Олар үшін әйелдің шашы еркектердікіше тікірейіп емес, толқындайын таралып тұруы керек. Сондықтан шаштаразға барғанда ойланып алыңыз.
Оның музасына айналыңыз
«Әр алыптың артында әйел тұрады» деген сөзді естіген боларсыз. Ендеше оны шабыттандырып, жігерлендіріп тұру үшін әрдайым қолдау көрсетіп, қолпаштап жүріңіз. Тек сонда ғана еріңіз сіз үшін тау қопарып, тас жармақ.
Қиыншылықта арқа сүйеріне айналыңыз
Өмір тек жеңістен ғана емес, жеңілістерден де тұрады. Осындай кезде еріңізге қолдау көрсете біліңіз. Әрине, ақыл айтып, үнемі жол көрсетудің қажеті жоқ. Оның орнына екінші жартыңызды қалай жақсы көретініңізді айтыңыз, оның сүйікті тағамын пісіріп беріңіз. Ол сіздің қамқорлығыңызды сондайда сезінеді.
massaget.kz


02 қараша 2019 ж. 721 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031