Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйге кірерде сүрінсеңіз қуана беріңіз…

Үйге кірерде сүрінсеңіз қуана беріңіз…

Үй тұрмысы. Ұлттық ұғымда үй тұрмысы және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу сияқты қанатты сөздер шығарған.

Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді. Үйді айналма.
Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.
Жұрт тынышта – ел аман, сүрінерсің түбірге.
Халық берер бағасын, сен әзірге баласың.
Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.
• Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қонақ жайлы болсын!» дейді.
• Егер үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
• Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
• Үйге жүгіріп кірмейді.
• Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде, бірінші күгі қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасынан жүк тиелген түйелерді қоқыстан өткізеді. Бұл қасқүнем рухтар мен жын-шайтаннан сақтану үшін жасалады, өткені олар көшті аңди алмай, от ішінде қалып қояды.
• Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
• Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
• Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
• Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.
• Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
• Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
• Пәле – жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
• Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. «Жыланға да ақ құйып шығарады».
• Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.
• Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.
• Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.
• Жазда үйге құйын келе жатса үлкен – кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың үйіне бар!» деп қуалайды.
• Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды.
• Біруедің үйі өртенсе оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.

11 қазан 2019 ж. 869 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930