Көне заманда несие алып, қарызын қайтара алмаған адамдарды қалай жазалаған
Біздің дәуірімізде банк несие алған адам міндетін өтемегенде қарапайым ескертулерден бастап, мүлкін тәркілеу, соттасу сынды әдістерді пайдаланады. Несие ең алғаш рет пайда болған жылдары қарызын қайтармаған адамдар өмір бойына біреудің құлы атанған екен. Назарларыңызға несие туралы осы сынды ең қызықты деректерді ұсынамыз.
Несие ең алғаш рет Ассирия, Вавилон мен Мысырда пайда болған. Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда ақшаны қарызға берген өсімқорлар өмір сүрген. Сонымен қатар, сол кезде hudu атты банк билеттері болған.
Ежелгі заманда адамдар несиені қайтара алмағаны үшін құл атанған, кейбіреуі балаларын кепілдікке қойған
Көне Грекияда несие берушілер қарызға ақша алған адамдардың жеріне hypothéke (ипотека) деп аталатын тақтайшаларды қағып кеткен. Бұл қарыз қайтарылмаған жағдайда жер несие берушінің қоластына өтіп кетеді дегенді білдірген.
Ал Көне Римде қарыз алған адам несие берушіге ақшаны қайтара алмаса, оны арнайы түрмеге отырғызған. Түрмеден әлгі адамды бір айдың көлемінде туыстары не таныстары сатып алатын. Егер осы уақыт аралығында оны бірде бір жақыны іздеп келмесе, ол құл ретінде сатылып кететін. Сатып алушы адам құл атанған жанның қарызын да төлейтін.
Көне вавилондықтар қарызға ақша алу үшін кепілдікке балаларын қойған. Бұл талап әділдігімен әрі даналығымен танылған Хаммурапи патшаның заңдарынан пайда болды.
Көне Үндістанда адамдар өсімқорлықты рухани құндылықтар енгізу арқылы заңдастырды. Сонымен қатар, несие беруші қулық пен күшті пайдаланып, ақшаны қайтарып алуға құқылы болған. Бірақ қарыз алушы жоғарғы касталарға жатса, ол бұл мүмкіндіктерді пайдалана алмайтын.
Ең көне банк 547 жыл бұрын ашылды, ал ең бірінші несие жарнамасы 289 жыл бұрын жарық көрді
Banca Monte dei Paschi di Siena деп аталатын әлемдегі ең көне банк Италияда орналасқан. Аталған несие беруші ұйым 1472 жылы пайда болды.
Несие беру туралы ең алғашқы жарнама 1730 жылы шықты
Кристофер Торнтон есімді азамат тұтынушыларға жиһазды сатып алып, оның ақшасын аптасына бір рет төлеп тұруды ұсынып, жарнама жасады.
Несие берушілер адамдардың сенімді не сенімсіз екенін түріне қарап білген
Несие туралы оқиғалардың прототипі — 19 ғасырдың ұйымдары. Олар мәліметтер жинап, тапсырыс берушілерге белгілі бір саудагерлер мен кәсіптер туралы ақпараттарды тапсырып отырған. Мәліметтер саудагерлер мен кәсіптердің сенімді, несие беруге тұрарлық азаматтар екенін дәлелдейді.
Сол жылдары бір де бір несие берушіге скорингтік бағдарлама керек емес еді. Қарыз алушының түріне қарап-ақ оған ақша неліктен қажет екенін түсінуге болатын. Кедей күн көру үшін, диқан тағы да бір малды сатып алу үшін, ал бай шамамен өнердің жаңа туындысын немесе құлды сатып алу үшін несие алған.
stan.kz