Forbes 2019 жылы ең көп табыс тапқан актерлер тізімін жариялады
Forbes әдеттегідей еңбегі жоғары бағаланатын актерлер тізімін ұсынды. Рейтинг жасау барысында 2018 жылдың 1 маусымы мен 2019 жылдың 1 маусымы аралығындағы көрсеткіштер
Бірінші сатыға 89,4 миллион доллар тапқан Дуэйн Джонсон жайғасты. 47 жастағы актер осы бір жыл аралығында "Рэмпейдж", "Аспанмен таласқан ғимарат", "Форсаж: Хоббс мен Шоу" аталатын картиналарға түсіп үлгерген. Сондай-ақ спорттық киім шығаратын Under Armour компаниясымен бірлесе жұмыс істеген. Екінші орындағы Крис Хемсворт биыл 76,4 миллион доллар тапқан. Ол кіші Роберт Дауни, Брэдли Купер, Крис Эванс пен Пол Радд сынды актерлер тобымен бірге "Кек алушылар: Финал" фильміне түсті. Аталған картина прокатта 3 миллиард доллар жинап, рекорд жаңартқан еді. Төртінші саты Болливуд актері Акшай Кумарға ( 65 миллион) тиесілі. Үздік ондықты 35 миллион доллар ақша тапқан Уилл Смит қорытындылайды. Былтыр үздік атанған Джордж Клуни бұл рейтингке енбеді. Журнал еңбегі жоғары бағаланатын актерлерді Nielsen, ComScore, Box Office Mojo және IMDB компаниялары мен кино өндіріс сарапшылары жасаған зерттеулерге сүйене отырып анықтайды.Сонымен, актерлер кірісінің нақты саны төменде көрсетілген: 1. Дуэйн Джонсон - 89,4 миллион доллар 2. Крис Хемсворт - 76,4 миллион доллар 3. Кіші Роберт Дауни - 66 миллион доллар 4. Акшай Кумар - 65 миллион доллар 5. Джеки Чан - 58 миллион доллар 6-7. Брэдли Купер - 57 миллион доллар 6-7. Адам Сэндлер - 57 миллион доллар 8. Крис Эванс - 43,5 миллион доллар 9. Пол Радд - 41 миллион доллар 10. Уилл Смит - 35 миллион доллар.